A) Орман тіршілігі туралы B) Ормандағы өсімдіктер туралы
C) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы D) Құмырсқалардың достығы туралы
E) Ормандағы құбылыс туралы
4. Авторды таңғалдырған жағдай
A) Құмырсқалар илеуінің көптігі B) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны
C) Қарганың адамнан қорықпағандығы D) Саңырауқұлақтың
жоқтығы
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі
5, Мәтін стилін анықтаңыз
A) Ғылыми B) Публицистикалық C) Көркем әдебиет D) Ауызекі сөйлеу
E) 1с қағаздар
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты
тақырып таңдаңыз
A) «Құмырсқа илеуі» B) «Қара қарға» C) «Құстар достығы»
D) «Қансорғыш жәндіктер» E) «Емдеу орталығы»
3
мәтін
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі
шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі
шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге
жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді.
Бүл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын
қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау
шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей
мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су
тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?»
деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып
құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай
жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жок. Одан да
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы
жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп
тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті
менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзін
жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз
өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен
қожайынды таңқалдыра, өтер жолды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда
қожайынымыздың үйінде мүндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.
7. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
1.Гүлге оранған жол
2.Екі шелек туралы
3.Тапқыр су тасушы
4.Кінәлі
тесік шелек
A) 3.1.2.4. B) 1.3.2.4. C) 4.1.2.3. D) 2.1.4.3. E) 2.4.3.1.
8. Тесік шелекке тән қасиет
A) Өшпенділік B) Менмендік C) Батылдық D) Ізеттілік E) Қорқақтық
9. Су тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.
A) Сенімсіздігі B) Дарындылығы C) Әңгімешілдігі D) Алғырлығы
E) Тапқырлығы
10. Мәтін стилі
A) Іс қағаздар B) Ауызекі сөйлеу C) Публицистикалық D) Көркем әдебиет
E) Ғылыми
11. Мәтінге лайык атау
A) Тесік шелек B) Өзен жағасы C) Бүтін шелек D) Риза қожайын E) Жана шелек
12. Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
A) Мақтаншақтығы B) Жағымпаздығы C) Намысқойлығы D) Жалқаулығы
E) Озбырлығ
4
Мәтін
1. Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі -
Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасан, мөлдір судың түбіндегі
тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ,
судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері - он төрт метр.
Әрине, географиялық сипатгамасы өз алдына жеке әңгіме.
2. Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге
сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған.
Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан қалмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп,
елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы
тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан
Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай
Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай
Толыбайұлын басшы етіп әскер ұйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз
батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болган. Мұның
өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу
оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар
қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген.
Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай бастаған жасақ жоңғарларға қарсы тұрып,
жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған
қалмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай
қашкан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдін ортасында жолдастарымен
демалып жатқанда, калмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды
жаралап өлтірген.
3. Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып
тастаған көрінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы
мүндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі
болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі
күнге дейін көл мен сол аймак Жасыбай деп аталады.
13. Көлге неліктен Жасыбай атауы берілген?
A) Ханның ел басқаруына орай B) Ру
атына сәйкес
C) Көлдің байырғы атауы болғандықтан D) Батыр ерлігіне орай
E) Жоңғар шапқыншылығына сәйкес
14. Алғашкы азатжолда ой қалай берілген?
A) Салыстыру арқылы B) Тұжырымдау арқылы C) Суреттеу арқылы
D) Пайымдау арқылы E) Дәлелдеу арқылы
15. Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?
A) Ер аруағы – қаруы B) Ердің екі сөйлегені өлгені C) Ел үмітін ер ақтар
D) Ер тарықпай, молықпайды E) Ерді
жаяулық емес, ұаяулық аздырар
16. Мәтін қандай стильде жазылған?
A) Іс қағаздар стилі B) Ауызекі сөйлеу стилі C) Ресми стиль D) Fылыми стиль
E) Публицистикалық стиль
17. Мәтінді қай мақал қорытындылап тұр?
A) Ер азығы мен бөрі азығы жолда B) Ер есімі - ел
есінде
C) Батыр жарасыз болмас D) Ер - ырыстың кілті
E) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі
18. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?
A) Жасыбай көлінің шипасы B) Жасыбай көлінің тарихы
C) Жасыбай көлінің географиялык сипаттамасы D) Жасыбай
көлінің байлығы
E) Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
19. Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған?
A) Сын мақала B) Аңыз әңгіме C) Ой толғау D) Тарихи аңыз E) Шыншыл ертегі
20. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай барыпға байланысты
A) Бесен B) Абылай C) Бәсентиін D) Олжатай E)Жасабай
Достарыңызбен бөлісу: