Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет230/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   243
4-мәтін 
 
1.  Астрономияда  жаңа  туған  айдың  ұштарын  «Ай  мүйіздері»  дейді.  Халық  сүйікті  деген 
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ 
болып  мақтанып,  Күн  оны  қызғанып  Айдың  бетін  тырнап,  оған  дақ  түсірген.  Кесірлі  Ай 
жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын 
немесе  кемігенін  ел  Ай  «қорғалады»  дейді.  Күнге  жақындап  барғанда  Ай  «қорғалып»  бетін 
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. 
Ай түрінің өзгеру кұбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу кұбылысы қазақ ортасында 
елеулі  оқиға  болып  келді.  Жаңа  туған  Айды  көргенде  шаруа  адамның  көңіліне  әр  түрлі  ой 
келеді,  шаруаға  жайлы  бола  ма,  жоқ  жайсыз  бола  ма  деген  ойлар  тумай  қоймайды.  Қазақ 
арасында  егер  Ай  тігінен  туса,  ауа  райы  шаруаға  жайлы,  жылы  болады.  Ал,  Ай  шалқасынан 
жатса,  ай  суық,  жайсыз  болып  өтеді.  Мұны  «Айдың  өзіне  жайлы,  халыққа  жайсыз  болғаны» 
дейді. 
4.  Қазақ  тұрмысында  Айды  қастерлеуге  себеп  көп  болды:  Ай  болмаса,  түн  қараңғысын 
жамылып  қасқыр  да,  ұры  да  малға  шабуылды  күшейтеді,  шаруа  жайымен  ұзақ  түн  қату  да 
қиын тиеді. Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске 
алсақ,  неліктен  айды  қастерлегендігін  жақсы  түсінеміз.  «Қараңғылар»  деген  сөз  тегін 
шықпаған.  Елдегі  үлкен  ақсақалға  Айға  бата  қыл  дегенде:  -  Ай  шажасынан  туыпты,  бұл  мен 
бата  қылмайтын  Ай  екен,  -  депті.  Жұрттың  бұл  сенімдерін  саралай  келіп,  ғылыми  тұрғыдан 
келгенде  мынадай  қорытынды  шығарамыз.  Жаңа  туған  Айдын  қалпына  карай  жұрттың  ауа 
райы өзгереді дегені бос сөз емес. 


 
 
5. 
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады», 
өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, 
сондыктан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарык береді де, бізге Ай шалқалап жатқан 
сияқты  көрінеді.  Сөйтіп,  жаңа  Ай  орағының  орналасу  қалпы  мен  ауа  райының  арасындағы  бұл  қызық 
іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. 
6.  Атан  түйе  мен  шіркей  қандай  болса,  үлкендігі  жағынан  алғанда  Күн  мен  Ай  да  сондай.  Ай  бетіндегі 
қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
7.  Адам  баласынын  ұзақ  жасаған  тарихында  оның  көп  іздеген  аспан  шырағы  Ай  болатын-ды.  Ес 
білмейтін  сәби  де  керім  Айға  қол  созып  аймалайды.  Малшы,  керуенші,  аңшы,  қарақшы  бәрі  де  Айды 
бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға карады. Кәне, ойланайыкшы. «Мен ұрлык қылғанда 
ай  жарык  болды»;  «Ай  қарап  тұрсың  ба?»  дегендей  сөздер  де  бар  емес  пе?  Осыдан  350  жылдай  бұрын 
Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға 
ынта ерекше күшейді. 
8. Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет 
Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ. 
13. Айдың тууына байланысты халық әрекеті. 
A) Болашағын болжаған                      D) Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
B) Ауа райын болжаған                       E) Құстардың қайтуын болжаған 
C) Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
14. Ай бетіндегі дақтар 
A) Төбешіктері                     C) Тегістеу жерлері               E) Күнгей жерлері 
B) Ойпаттау жерлері            D) Қыраттары 
15. Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі 
A) Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
B) Күн жылы болады деген сенім 
C) Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
D) Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
E) Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
16. Тұжырымдардың дұрысын табыңыз: 
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді. 
A) Екіншісі                                  C) Үшіншісі             E) Екінші мен үшіншісі 
B) Бірінші мен үшіншісі             D) Үшеуі де 
17. Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азат жолымен сәйкестендіріңіз 
A) Тұлпар мен серке            C) Бура мен кұмырсқа         E) Жылқы мен құлын 
B) Қой мен ешкі                   D) Өгіз бен бұзау 
18. Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
A) Қызғаншақтығынан   C) Қарапайымдылығынан  E) Көреалмаушылығынан 
B) Мақтаншақтығынан   D) Ұялшақтығынан 
19.  «Ай  тұяқты  тұлпарым,  Аймүйізді  ақ  серкем»  деп  мадақтау  төрт  түліктің  кайсысына 
қатысты айтылған? 
A) Жылқы мен ешкіге           C) Қозы мен ешкіге            E) Жылқы мен сиырға 
B) Түйе мен қойға                  D) Жылқы мен қойға 
20.  Елдегі  үлкен  аксакалға  Айға  бата  қыл  дегенде:  «Ай  шалқасынан  туыпты,  бұл    мен  бата 
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A) Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
B) Айға батаны жас адамдар ғана береді 
C) Айға бата беру - надандық 
D) Ырым, наным-сенімге байланысты 
E) Толған айға қатысты беріледі 


 
1.1-мәтін 
I.  Қыс  өтіп,  күлімдеп  көктем,  жарқырап  жаз  келгенде,  шұрқырап  жатқан  қалың 
жылқы  ішіндегі  әсерлі  де  әсем  дауыстары  жез  қоңыраудай  шіңгір-шіңгір  кісінеген 
жас  құлындар  қарақұлақ  бола  бастағанда,  оларға  түбіт  араласқан  жұмсақ  жүннен 
есіліп  жасалған  ноқталар  салынып,  тиектер  орнатылып,  ұзақ  тартылған  желілерге 
үзбелі  күміс  түймелердей  қаз-қатар  тізіліп  байланады.  Мұнда  жүздеген  құлын 
ноқталанып,  бие  сауылады.  Биені  сауушы,  сауғызушы  болып,  2-ден  20-30  адамға 
дейін болады. 
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал сойып 
немесе  қыстан  қалған  сүрлермен  тағы  басқа  да  жылы-жұмсақтарын  дайындап,  ауыл 
адамдарының  басын  қосып,  «бие  бау»,  «желі  байлар»,  «қымызмұрындық»  тойын 
өткізеді.  Бұл  кезде  желі  қазыққа,  айғырдың  сауырына  май  жағып,  жақсы  тілек 
білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды. 
1.Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып 
A)Тартылған желілер 
B)Ноқталанған құлындар 
C)Жас құлындар 
D)Бие байлау 
E)Жүннен есілген ноқталар 
2.Бие байларда қандай ырым жасалады? 
A)Қыстан қалған сүрді пісіреді. 
B)Желіге құлын байланады. 
C)«Қымызмұрындық» тойын өткізеді. 
D)Жұмсақ жүннен ноқта жасалады. 
E)Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады. 
 
1.2-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз  үйдің  құрылысы  мен  жасалу  жолдарына,  этнографиялық  ерекшеліктеріне  жеке 
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер 
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі  шошақтау  келеді. Қазақ 
үйлері  пайдалануына,  сән-салтанатына  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Мысалы:  қара 
үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), 
ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) 
деп  аталатын  түрлері  бар.  Сол  сияқты  көшіп-қонуға,  уақытша  паналауға  немесе 
шаруашылық,  жұмыс  ретіне  бейімделген  үй  түрлері  болады.  Олар  қос,  абылайша, 
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.Төр  –  бұл  үйдің  жоғары  әрі  қымбат  орны.  Мұнда  жүк  жиналады,  қонақтар 
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта 
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.Он  жақ  –  (кіргенде  сол  жақ)  мұнда  балалары  орналасады.  Босаға  жаққа  қарай  ер-
тұрман, киім ілінеді. 
4.От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1.Ең үлкен киіз үй 
A)Алтын орда 
B)Алтын үздік 
C)Ақ ала орда 
D)Ақ шаңқан 
E)Ақ орда 
2.Киіз үйдегі киелі орын 
A)Үй иесінің жататын орны 
B)Қонақтар орналасатын орын 
C)От жағылып, қазан асылатын орын 
D)Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын 


 
 
 
E)Ер тұрман, киім ілінетін орын 
1.3-мәтін 
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев 
«ЭКСПО»  көрмесіне  қатысқан  тұңғыш  қазақ  –  1925  жылы  Парижді  салған  әнімен 
тамсантқан  Әміре  Қашаубаевтың  өмірі  мен  шығармашылығын  жарты  ғасырға  жуық 
уақыт  зерттеп  келе  жатқан  зерделі  музыка  зерттеушісі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 
қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді. 
Бұған  дейін  «Әміре»,  «Ән  жұлдызы»,  «Амре  Қашаубаев:  жизнь  в  искусстве»,  «Ән 
асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре 
в  Париже»  атты  орыс  тіліндегі  жаңа  еңбегінің  таныстырылымы  Астанадағы  ҚР 
Ұлттық  академиялық  кітапханасында  өтті.  Аталмыш  шара  «ЭКСПО-2017»  көрмесі 
мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды. 
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы 
театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ 
музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын. 
1.«ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара 
A)Қалың көрерменге жететін кинотуынды 
B)«Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы 
C)Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым 
D)Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы 
E)Әміре туралы фильмнің түсірілуі 
2.Тірек сөз бола алмайтын нұсқа 
A)ЭКСПО-2017 
B)Астана 
C)ЭКСПО-1925 
D)Алматы 
E)Париж 
 
1.4-мәтін 
Тиін  –  қолға  тез  үйретілетін  жануардың  бірі.  Ол  есте  сақтау,  жылдамдық,  ептілік, 
аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені 
тамақты  үйдің  маңайынан  іздейді.  Үй  тиіні  өзінің  иесін  танып,  лақап  атымен 
шақырғанда келеді. Мұның барлығы – тиіннің ақылдылығын дәлелдейді. 
Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар 
қолға  үйретіп,  үй  жануарларының  қатарында  ұстайды.  Сәндік  егеуқұйрықтың  басқа 
түрлерінен  айырмашылықтары  аз  емес:  өте  ақылды,  сүйкімді  және  адаммен 
ойнағанды  ұнатады.  Қоңыр  түсті  егеуқұйрық  көне  Қытай  елі  ерекше  қадірлейтін 
жануар болған. 
1.Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырыпты көрсетіңіз 
A)Ақылды егеуқұйрықтар 
B)Адамға жақын жануарлар 
C)Қолға үйретілген тиіндер 
D)Епті жануарлар 
E)Үй жануарлары 
2.Тиін неліктен адамға жақын аймақта өмір сүреді? 
A)Қолға тез үйренетіндіктен 
B)Иесін танығандықтан 
C)Ептілігінен 
D)Ақылды болғандықтан 
E)Тамақты үйдің маңайынан іздейді 
1.5-мәтін 
Бөлтірік шешеннің сөзі 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 
– Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық 
ыстық па? - дейді. 
Сонда Бөлтірік: 
– Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес 


 
 
 
пе,  бала  –  артта  қалған  ізің  емес пе?!  Бәрінен  жолдас-жораңмен,  ағайын-туысыңмен, 
ел-жұртыңмен  «сіз-біз»  деп  өмір сүргенге  не  жетсін.  Осыларға  жүрегің  жылы  болса, 
қайғың – күл, қуанышың – от! – дейді. 
1.Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа 
A)қолға ұстаған мұз 
B)артта қалған із 
C)ұшқан құс 
D)қайғы – күл, қуаныш– от 
E)бала – жұбаныш, қарт – қазына 
2.Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
A)баласы көп жігіт 
B)жүрегі мықты жігіт 
C)ұзақ өмір сүрген жігіт 
D)бақ құсы қонған жігіт 
E)көпті сыйлаған жігіт 
 
1.6-мәтін 
Адыраспан туралы ақиқат... 
Адамзаттың  тіршілік  етуі  барысында  өсімдіктер  әлемінің  алатын  орны  ерекше  зор. 
Қазіргі  медицинада  қолданыста  жүрген  дәрі-дәрмектердің  40  пайыздай  бөлігі  тап 
өсімдіктер  дүниесінен  жасалады  екен.  Қоршаған  орта  өскіндерінің  адам  ағзаларын 
жақсартуға  осындай  өлшеусіз  көмегі  барын  біздің  ата-бабаларымыз  бағзы 
замандардан бері жақсы білген. 
Халқымыз  дәрулік  шипасынан  бөлек  әулиелік  қасиеті  мол  санаған  шөптерінің  бірі 
«Адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан  оны үйдің босағасына 
іліп  қойып,  осы  арқылы  отбасын  алуан  түрлі  бәле-жаладан  сақтауға  тырысқан.  Осы 
өсімдіктің түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле-жаладан шаңырақты аластайтын болған. 
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да 
оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. 
1.Мәтін мазмұнына сай емес сөйлем 
A)Адыраспанды жұлып аларда ережелерін қатаң сақтаған, 
B)Біздің ата-бабаларымыз өсімдіктердің қасиетін жақсы білген. 
C)Адамзат тіршілігінде өсімдіктер әлемінің орны зор. 
D)Медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздайы адыраспаннан 
алынады. 
E)Атам қазақ адыраспанды киелі деп санаған. 
2.Ата-бабаларымыздың адыраспанды үйдің босағасына іліп қоюының мәні 
A)Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен 
B)Үйдің ішін ыстау үшін 
C)Шипалық қасиеті мол болғандықтан 
D)Ата-бабаларымыздан қалған дәстүр болғандықтан 
E)Өсімдік әлеміндегі орны зор. 
 
1.7-мәтін 
Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі 
1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы 
Шыңғыс  әкеден  бар  болғаны  10  жасында  қалыпты.  Осы  тұста  Ресей  патшалығы 
Айғанымды «Орта жүздің ханы» деп таниды. 
Уәлидің  өзге  әйелдерінен  қаншама  ұлдары  бола  тұра,  таққа  Айғанымныңотыруы 
патша  үкіметіне  өте  қолайлы  еді.  Осыған  орай  Айғанымды  «хандық  дәрежесіне 
көтерілген  тұңғыш  қазақ  әйелі»  деп  атаушылар  да  бар.  Бірақ  бұл«хандық»  ұзаққа 
созылмай,  1822  жылы  М.М.Сперанскийдің  «Сібір  қазақтарынбасқару»  атты  ережесі 
шығады  да,  Орта  жүздің  хандығы  жойылып,  қазақтары:Құсмұрын,  Көкшетау, 
Ақмола,  Баян,  Қарқаралы,  Аякөз  аталған  алты  дуанғабөлініп  кетеді.  Ал  Айғаным 
Көкшетау  дуанына  біраз  жыл  аға  сұлтан  болыптұрады.  Бұл  туралы  ғалым  Әлкей 


 
 
 
Марғұлан:  «Айғаным  –  ақылды,  көреген,  өззаманына  сай  білімді  болған  әйел.  Ол 
шығыстың  бірнеше  тілін  білген,  орысмәдениетіне  ден  қойып,  Сыртқы  істер 
министрлігінің  Азия  департаментіменжәне  Петербордағы  Сібір  комитетімен  хат 
жазысып, байланысып отырған», – дейді. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте 
зор беделге ие болған. 
1.Айғанымның жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуыныңсебебі 
A)Өте білімді, ақылды болғандықтан 
B)Хандық дәрежесіне көтерілген әйел болғандықтан 
C)Аға сұлтан қызметін мінсіз атқарғандықтан 
D)Жергілікті халықтың жағдайын жасағандықтан 
E)Бірнеше тіл біліп, хат жаза алғандықтан 
2.Айғанымның хандық дәуірінің ұзаққа созылмауының себебі 
A)Қазақ жерінде хандық дәуір жойылған соң 
B)Хандықты баласына беруіне байланысты 
C)Аға с.ұлтан қызметіне тағайындалған соң 
D)Көкшетауда хандық билік жойылған соң 
E)Орта жүзде хандық жойылған соң 
 
1.8-мәтін 
1.Қазақстанда  ұлтаралық  келісім  сақталып  отыр.  Еліміздегі  ұлттар  мен  ұлыстар 
ұмытыла  бастаған  тілін,  мәдениетін,  дәстүрлерін  қайта  жаңғыртып  жатыр.  Оған 
ешқандай  шектеу  жоқ.  Бұл  қазақ  халқының  дарқандығын  көрсетеді.  Әлемнің 
Қазақстаннан  үлгі  алуына  болады.  Достығы,  бірлігі  мықты  ел  қашан  да  дараланып 
тұрады. 
2.Қазақ  халқының  ең  үлкен  байлығы  –  көсіліп  жатқан  кең  байтақ  даласы.  Осындай 
байлықтың  қызығын  көру  үшін  бізге  тыныштық,  ынтымақ  ауадай  қажет.  Қазақтың 
кемеңгер  биі  Қазыбек  айтқан  «Біз  досымызды  сақтай  білген  елміз,  дәм-тұзын  ақтай 
білген елміз» деген сөз бар. Қазақстанда тұратын 130-дан астам этнос осы өсиетті ту 
етіп ұстап, орындаса дегім келеді. 
3.Өзге елде жүріп оның тілін білмесеңіз, ол елдің азаматы бола алмайсыз. Біз осыны 
түсініп, қазақ тілін үйренуіміз керек. 
4.Қазақстан  –  осында  тұратын  барлық  халықтың  Отаны.  Кейбіреулер  тарихи 
Отанымыз  бар  дегенді  айтады.  Мен  оған  қарсымын.  Менің  Отаным  –  біреу,  ол  – 
Қазақстан!  Қай  елдің  азаматы  болсаң,  сол  ел  –  сенің  Отаның.  Осыны  әрдайым  есте 
ұстауымыз керек. 
1.Мәтінге сай емес тұжырымды белгілеңіз. 
A)Біз қазақ тілін үйренуіміз керек. 
B)Мен әрқашан тарихи Отанымды аңсаймын. 
C)Әлемнің Қазақстаннан үлгі алуына болады. 
D)Менің Отаным біреу, ол - Қазақстан! 
E)Бізге тыныштық, ынтымақ ауадай қажет. 
2.Тіл туралы ой қозғалатын азатжол 
A)Екінші 
B)Үшінші 
C)Төртінші 
D)Бірінші 
E)Бірінші мен үшінші 
1.9-мәтін 
Әдеп 
Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады. Жағымды дәстүр, үлкендердің үлгі-
өнегесі  әдетке,  дағдыға  айналады.  Мысалы:  сауап,  кесір,  обал,  ысырап  –  күнделікті 
тәрбиеде қолданатын ереже. 
Сауап – басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау. 


 
 
 
Кесір – қалыптан тыс, теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі. 
Обал  –  жақсы  нәрсенің  қадір-қасиетін  білу,  аяққа  баспа,  тастама  деген  ұғымды 
білдіреді. 
Ысырап – әр заттың құнын, бағасын білмей, босқа шашуды білдіретін ұғым. 
Әдеп  сақтау  –  этикет,  яғни  мінез-құлық  пен  қарым-қатынастың  қалыптасқан 
халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүрі де бұзылады. Ал оны сақтау, 
құрметтеу, қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады. 
1.Мәтінде сөз болмайтын әдеп 
A)Кесірін тигізбеу 
B)Ысырапқа жол бермеу 
C)Ақыл айту 
D)Обалын тигізбеу 
E)Сауап алу 
2.Ысырап 
A)Жоспарлау 
B)Есепсіздік 
C)Елемеушілік 
D)Ептілік 
E)Шарасыздық 
 
1.10-мәтін 
Ұлт аспаптар оркестрі 
Ұлт  аспаптар  оркестрі.  Оның  құрамында  не  жоқ!  Қобыз,  Домбыра,  Сыбызғы, 
Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген. Құдайға шүкір, жетіп жатыр! Ұжымның аты – ұжым. 
Қайткенде  де  оны  біреу  басқаруға  тиіс.  Кім?  Қобыз  ба?  Әлде  Жетіген  бе?  Ақыл 
таразысына  салып  көрсе,  бәрі  де  лайық.  Бәрінің  де  жөні,  бәрінің  де  мүмкіндігі  бар. 
Бірақ  жабық  жасырын  дауысқа  жібергенде  ешқайсысы  оқ  бойы  озып  шығып, 
барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес 
түседі.  Тізеге  басып,  күш  көрсетуге  тағы  болмайды.  Қобызды  қойсаң  –  Домбыра, 
Домбыраны  қойсаң  –  Сыбызғы...  Әйтеуір  біреуі  ренжиді.  Амал  жоқ...  бүкіл  ұлттық 
оркестрді басқару дирижердің таяқшасына тапсырылды. 
1.Мәтін мазмұнынан шығатын түйін 
A)Бастамашылдық 
B)Ауызбіршілік 
C)Адамгершілік 
D)Бауырмалдық 
E)Ысырапшылдық 
2.Дирижер таяқшасына қатысты нұсқа 
A)Аяқты шалма, қапы қалма 
B)Біреу әзіл айтса, сен әділ айт 
C)Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, 
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
D)Сыйлағанды сыйла, еңкейгенге еңкей 
E)Тал шағында бүкпесең, таяқ шағында 
иілмес 
 
1.11-мәтін 
Ағайынды  Райттарға  дейін  мыңдаған  жылдар  бұрын  ұшатын  аппарат  ойлап  табу 
идеясы  мұсылман  ақыны,  астроном  және  инженер  Аббас  ибн  Фирнастың  (Abbas  ibn 
Firnas) ойына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш 
тақтайшаларды  жабыстырып  секіреді.  Фирнас  құс  сияқты  қалықтап  ұшамын  деп 
ойлағанымен,  бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның  құлауын біршама баяулатқаны 
болмаса,  толыққанды  парашюттің  міндетін  атқара  алмады.  Осылайша  ғалым аздаған 
қорқыныш  пен  болмашы  жарақатпен  құтылады.  70  жасында  аппаратын  жетілдірген 
Фирнас  бұл  жолы  таудан  секіруді  жөн  көреді.  Ол  ауада  10  минут  қалықтап  тұрады, 
бірақ нәтижесінде сәтсіздікке ұшырайды: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында 
еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет