Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет238/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

І.Есенберлин «Көшпенділер» 
1.Мәтінде диалог кімдердің арасында? 
A)Сыздық пен Жүністің 
B)Кенесары мен Жүністің 
C)Кенесары мен Жүсіптің 
D)Абылай мен Бұқардың 
E)Қасым мен Сыздықтың 
2.Мәтінге лайық тақырып? 
A)Абылай аманаты 
B)Түс жору 
C)Хан Абылай 
D)Бұқар жырау 
E)Төре тұқымы 
3.Мәтіндегі арыстан, жолбарыс, көкжал, қызыл түлкінің Абылай ханға қатысы 
қандай? 
A)Абылайдың үрім-бұтағы 
B)Абылайдың бауырлары 
C)Абылайдың дұшпандары 
D)Абылайдың жұрағаты 
E)Абылайдың кеңесшілері 
4.Мәтінде Бұқар жыраудың Абылай түсін жоруы арқылы қазақ халқының қандай 
ерекшелігін көрсетеді? 


A)Дәстүрге беріктігін 
B)Ұлт көзқарасын 
C)Көріпкелдігін 
D)Халық нанымын 
E)Кеңпейілділігін 
5.Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз 
1.Түс 
2.Сыздықтың баласы 
3.Төре тұқымының қасиеті 
4.Жүсіптің ойы 
5.Түс жору 
A)3.1.2.4.5. 
B)3.1.5.4.2. 
C)1.4.5.2.3. 
D)5.3.1.2.4. 
E)2.4.1.3.5. 
6.Бұхар жыраудың түс жоруына қатысы жоқ теңеу. 
A)Қасым төре – арыстан 
B)Сыздық – көкжал 
C)Абылай – арыстан 
D)Кенесары – жолбарыс 
E)Жүніс – қызыл түлкі 
7.Қай сөйлем екінші бөлім мазмұнына сәйкес келеді? 
A)Жайсыз түс көргенін айтып Бұқарға келеді 
B)Екінші ұрпағың өте айлакер, қу келеді екен 
C)Оның көңілі әр нәрсеге алаңдап отырды 
D)Олар қашпады, қайта өзіме қарай бас салды 
E)Абылайды ұлықтап, хан тағына отырғызды 
8.Автор мәтіндегі Абылайдың түсін Абылайдың қандай көңіл күйімен, сезімімен 
байланыстырады? 
A)Өкініш 
B)Қорқыныш 
C)Тағатсыздық 
D)Уайымшылдық 
E)Дегбірі қашу 
 
4.11-мәтін 
«Хиуаз  –  көрген  адам  ажарына  көз  тоқтатпай  өте  алмайтын,  көңілді,  аңғал,  алғыр, 
қайсар  да  тентек,  тәні  де,  жаны  да  сұлу  қыз.  Дала  аруы».  Хиуазды  жауынгер 
құрбылары  осылайша  сипаттайды.  Қандай  табылған  сөз!  Алаштың  дара  еркесі  ай 
маңдайлы  ару  Хиуаз  Қадырқызы  II  Дүниежүзілік  соғыста  әйгілі  46-гвардиялық 
Тамань әуе полкінде жауға қырғидай тиген ұшқыш, нағыз қыран болатын. Фашисттер 
Хиуаз сұлуды неліктен «түн аждаһасы» деп атаған? Сонымен, Хиуаз кім? 
Ержүрек  қыз  Хиуаз  Доспанова  Атырау  облысы  Құрманғазы  ауданы  Зормата 
ауылында 1922 жылы мамыр айында өмірге келген. 
Хиуаз  Доспанова  Орал  қаласындағы  орта  мектептің  соңғы  сыныбында  оқып  жүріп 
аэроклубқа  қатысып,  запастағы  ұшқыш  деген  куәлік  алды.  Аспанға  ғашық  қыз 
арманының алғашқы қадамдары міне осылай басталды. 
Мектепті  үздік  бітірген  бойжеткен  бала  күнгі  арманын  арқалап,  Мәскеудегі 
Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға келеді. Алайда қазақ даласынан 
келген  қыздың  құжаттары  қабылданбайды.  Алғашқы  сәтсіздігін  елемеген  ол  Мәскеу 
медицина институтына тапсырып, емтихансыз қабылданады. Арада бір жыл өткеннен 
кейін  1941  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  басталады.  Хиуаз  ұшқыш  Марина  Раскованың 
қыз-келіншектерден  жасақталған  авиа-полкіне  сұранып,  командирге  өжеттілігімен 
танылып, әскери құрамға қабылданады. 
Жедел  дайындықтан  өткен  қыз-келіншектер  жасағы  1942  жылдың  мамыр  айында 
майдан даласына енеді. Хиуаздың ең алғашқы ұрысы немістердің Майндорф бекетін 
бомбалаудан  басталады.  Әр  ұшақтағы  екі  қыз  бір  сағатта  120  шақырымды 
бағындырулары тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылын шабуылдауға міндетті. 
Хиуаз  апа  естеліктерінде:  «Біз  мінген  тек  түнде  ұшатын  кішкентай  У-2  ұшағы 
фашистердің  зәре-құтын  қашыратын»  деп  жазады.  Түн  тыныштығын  бұзған  бұл 
қыран қыздарды немістер «түн аждаһалары» деп атайды. 


 
 
 
Хиуаз батыр 1943 жылдың көктемінде Кавказ үшін ұрыста аяғы сынып ауыр жарақат 
алады.  Бас  хирургтің  «аяғымен  жүре  алмайды»  деген  қорытындысын  елемей, 
майданға  қайта  беттейді.  Майдандас  құрбылары  өздігінен  жүріп-тұра  алмайтын 
Хиуазды  ұшаққа  арқалап  отырғызып  жүреді.  Қыздарға  салмақ  салмайын  деп,  ұшақ 
кабинасында қалатын сәттері жиі болған. Осылайша ұшқыш қыздар Кубань, Тамань, 
Белоруссия, Қырым, Польша елдерін түгел азат етті. Аңызға бергісіз қазақтың қайсар 
қызы  Хиуаз  сұлу  300-ден  аса  жауынгерлік  операция  орындап,  аса  маңызды  жау 
бекеттерін  талқандайды.  Кавказ  үшін  арпалыста  көрсеткен  ерлігі  үшін  «Қызыл 
Жұлдыз»,  «Кавказды  азат  еткені  үшін»  ордендерімен  марапатталады.  Ал  Қырым 
шайқасындағы  ерлік  үшін  «Екінші  дәрежелі  Отан  соғысы»  орденімен  қоса  аға 
лейтенант  шені  беріледі.  Сондай-ақ  «Бірінші  дәрежелі  Отан  соғысы»,  «Варшаваны 
азат еткені үшін» және «Германия түбіндегі жеңіс» ордендері беріледі. 
Ұлы Отан соғысында айрықша ерлігі үшін Хиуаз Доспановаға 2004 жылы 82 жасында 
«Халық қаһарманы» атағы берілді. 
1.«Екінші дәрежелі Отан соғысы» ордені, аға лейтенант шенінің берілу себебі 
A)Кавказ шайқасындағы ерлігі үшін 
B)Белоруссия шайқасындағы ерлігі үшін 
C)Майндорф бекетін бомбалағаны үшін 
D)Қырым шайқасындағы ерлігі үшін 
E)Варшаваны азат еткені үшін 
2.Хиуаз Доспанованың ең алғашқы ұрысы 
A)Белоруссияны азат ету 
B)Қырымды азат ету 
C)Таманьды азат ету 
D)Майндорф бекетін бомбалау 
E)Польшаны азат ету 
3.Хиуаз Доспанованың алғашқы құжаты 
A)«Қызыл Жұлдыз» ордені 
B)Медицина институтының куәлігі 
C)Запастағы ұшқыш куәлігі 
D)Әскери-әуе академиясының куәлігі 
E)«Кавказды азат еткені үшін» ордені 
 
4.Мәтінге лайық тақырып 
A)Әскери-әуе академиясы 
B)У-2 ұшағы 
C)Жедел дайындық полкі 
D)Қыран қыз 
E)Ұлы Отан соғысы 
5.Хиуазды жауынгер құрбылары қалай суреттейді? 
A)Тәні де, жаны да сұлу қыз 
B)Көзі ашық, көкірегі ояу қыз 
C)Білімді, қайсар қыз 
D)Қасы-көзі қиылған қыз 
E)Сөзге жүйрік, шешен қыз 
6.Хиуаздың бала күнгі арманы 
A)Ғалым болу 
B)Әнші болу 
C)Мұғалім болу 
D)Дәрігер болу 
E)Ұшқыш болу 
7.Хиуаз Доспанованың аяқтамаған оқу орны 
A)Мәскеу медицина институты 
B)Медициналық училище 
C)Орал қаласындағы аэроклуб 
D)Әскери әуе академиясы 
E)Педагогикалық институт 
8.Ұшқыш қыздардың азат еткен елдері 
A)Белоруссия, Ленинград 
B)Австрия, Кубань 
C)Белоруссия, Тамань 
D)Венгрия, Қырым 
E)Польша, Брест қамалы 
 
4.12-мәтін 
1.Шәкен Аймановпен мен 1965 жылдан бастап жақсы араласа бастадым. Бұдан бұрын 
да театрдан, киностудиядан көріп жүруші едім. Бірақ, етене таныс бола алмағанмын. 
Шәкен  Айманов  және  Мәжит  Бегалинмен  60-шы  жылдары  өнерге  келген  буынды 


 
 
 
таныстырған ағаларымыз болды. Ол – Сапарғали Бегалин еді. 
2.Өнер  айналасындағы  бір  топ  сол  кісінің  үйіне  жұмасына  екі  рет  жиналатынбыз. 
Әңгімеміздің  негізгі  бағыты  кешегі  күні  репрессияға  ұшырап  кеткен  Алаш 
азаматтарының  тағдыры  туралы  болатын.  Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет  туралы  көптеген 
мағлұматтарды сол үйде сол кісіден естідік. Олар жайында көп әңгіме айтатындардың 
бірі  –  Сәділ  Тәлжанов  еді.  Ол  кісі  де  1956  жылға  дейін  лагерьде  болып  келген  адам. 
Өте  білімдар,  рухани  бай  адам  тұғын.  Кімнің  кім  екенін  сонда  тани  бастадық. 
Кітаптары  қолымызға  түспесе  де,  соның  мазмұнын,  олардың  өмірбаянын,  тағдырын 
естіп  білдік.  Жалпы  Сапарғалиден  бастап  сондағы  қазақ  зиялыларының  келешекте 
алаш  азаматтарының  ақталатындығына  көзі  жетіңкіремеді.  Сондықтан  кейінгі  буын, 
ең  болмағанда,  солардың  атын  естісін,  кім  екенін,  кім  болғанын  біліп  қалсын  деген 
мақсатпен біздің құлағымыздың құрышын қандырушы еді. 
3.Екінші жағынан, кейінгі жастар не ойлайды, мақсаты не, арманы қайда қанат қағады 
дегенді де алдарына мақсат қып қоюшы еді және өз бойындағы барды бізге мұра қып 
қалдырып  кетуге  бейіл  болатын.  Тек,  Сәпекең  ғана  емес,  Ғабит  Мүсірепов,  Ғабиден 
Мұстафин,  Әбу  Сәрсенбаев  сияқты  қарттарға  да  біз  жақын  жүрдік.  Олар  бізді 
баласынбаушы  еді.  Терезесі  тең,  өз  тұстастарындай  мән  берді.  Сонда  жүріп 
Шәкенмен таныстым. 
4.Сәпекеңнің  әдеті  –  түскі  асқа  жігіттердің  бәрін  жиып  алатын.  Дастархан  басында 
отырып,  кейде  түн  ортасына  дейін  әңгіме-дүкен  құратынбыз.  Мұнда  жиналатын 
себебіміз  –  Сәпекең  анау-мынаудан  онша  қымсынбаған  адам.  Бірақ  аудиторияда 
ашылып  ештеңе  айтпайтын.  Ол  кісінің  жазғанынан  гөрі  айтары  көп  болатын. 
Сонысын біз тыңдадық. Ілияс Жансүгіров ақталып, кітабы шығатын кезде «Құлагер» 
поэмасы  ешқайдан  табылмады.  Соның  жалғыз  нұсқасын  Сәпекең  жастығының  ішіне 
тығып сақтаған екен. 
5.Ол үйдегі атмосфера қызық еді. Әңгіменің аяғын әзілге айналдырып, өте бір көңілді 
отыратынбыз.  Осы  әзілдің  көрігін  қыздырушы  –  Шәкен  Айманов.  Ол  кісі  өмір  бақи 
дүние жинамаған. Маңайындағы адамдар Шәкенді өздері табатын. Ол кісінің жүрген 
жері – думан. Шәкен Айманов кірді дегенше, қанша түнеріп отырған аудитория болса 
да, езулеріне күлкі үйіріліп жүре беретін. Ол жерге күлкі де, әзіл де, өлең де, домбыра 
да  келетін.  Ақырын  ғана  айтатын  әдемі  дауысы  бар.  «Жиырма  бес»  сияқты  кейбір 
әндерді  Жүсекеңді  (Жүсіпбек  Елебеков)  радиоға  ертіп  барып  жаздырған  да  Шәкен. 
Көпшіл адам еді. Жиырма жылдай жалғыз бойдақ тұрды. Пәтері Фурманов көшесінде 
«Оптика»  деген  дүкен  бар,  сол  үйдің  ең  соңғы  қабатында.  Күндіз  киностудияда 
боламыз. Сонда жұмыстың аяғын ол кісі шахматқа айналдырушы еді. Беркович деген 
оператор  бар,  екеуі  кешке  дейін  шахмат  ойнап  отыратын.  Бір  әдеті  –  шайды  өзі 
қойып,  ақ құманды  өзі  бұқтыратын.  Және  ылғи  кілегеймен  ғана  шай  ішетін.  Кілегей 
таситын  мен  едім.  Мені  Колхаун  (Майн  Ридтің  кейіпкері)  деуші  еді.  Кейде  айналып 
кешігіп  қалатыным  болатын.  Сонда:  –  Ей,  Колхаун,  қайда  жүрсің,  шай  іше  алмай 
отырмыз ғой, – дейтін. 
1.Әңгіменің негізгі кейіпкері кім? 
A)Жүсіпбек Елебеков 
B)Мәжит Бегалин 
C)Шәкен Айманов 
D)Сапарғали Бегалин 
E)Сәділ Талжанов 
2.Автордың С.Бегалин туралы пікірі. 
A)Айдауда болып келген адам. 
B)Жазғанынан гөрі айтары көп. 
C)Әзілдің көрігін қыздырушы. 
D)Өте білімдар, рухани бай адам. 
E)Ақырын ғана айтатын әдемі дауысы 
бар. 
3.Шәкен Айманов қандай салада қызмет етті? 
A)Радио саласында 
B)Әдебиет саласында 
C)Журналистика саласында 
D)Кино саласында 
E)Музыка саласында 


4.Қай пікір мәтін авторының С.Бегалинге деген көзқарасын білдіреді? 
1.Ол ағамыз қудалауды өз басынан кешкен адам еді. 
2.Ол ағамыз кез келген ортаның сәнін келтіретін. 
3.Ол ағамыз қазақ әдеби шығармаларының сақталуына үлес қосты. 
A)Үшінші пікір 
B)Барлығы дұрыс 
C)Бірінші пікір 
D)Екінші пікір 
E)Барлығы теріс 
5.Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес? 
1.Қазақ зиялылары репрессия құрбандарының ақталатынына сенді. 
2.Шәкен аға кез келген аудиторияның көңілін көтеріп жіберетін еді. 
3.Ілиястың «Құлагерін» сақтап қалған адам – Сапарғали еді. 
A)Барлығы дұрыс 
B)Тек үшіншісі 
C)Барлығы теріс 
D)Тек біріншісі 
E)Тек екіншісі 
6.Мәтінде сөз болатын қазақтың атақты әншісі 
A)Сапарғали Бегалин 
B)Жүсіпбек Елебеков 
C)Шәкен Айманов 
D)Сәділ Тәлжанов 
E)Әбу Сәрсенбаев 
7.Мәтінде сөз қозғалған адамдарға қатысты нұсқа 
A)Жақсылық қылсаң, бүтін қыл 
B)Асыл жаныса, өтеді, 
Жасық жаныса, жасиды. 
C)Жақсылық біреуден қайтпаса, 
біреуден қайтады. 
D)Ашушаң жақсы болмас, 
Жақсы ашушаң болмас. 
E)Жақсының аты өлмейді, 
Жазушының хаты өлмейді. 
8.Өнер адамдарының Сапарғали Бегалиннің үйіне жиналу мақсаты? 
A)Әзіл әңгімелер айту 
B)Ж.Елебеков әндерін тыңдау 
C)Алаш азаматтары туралы әңгімелеу 
D)Шахмат ойнау 
E)Шай ішу 
 
4.13-мәтін 
I.Той  өтіп,  жұрт  тарағаннан  кейін  де  Есеней  аулы  қонақбасты  болып  қала  берді. 
Керей-Уақ тойға да келіпті, дау-шарын да ала келіпті. Қолдарына көп түсе бермейтін 
аға  бидің  ауылына  неше  жылғы  сүр  болған  даулар,  өтірігі  мен  шындығы  енді  есейе 
бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. 
II.Есеней күні бойы даушылардың ортасында. Өз үйінде де, қыр басында да солардың 
қоршауында отырады. Дауды созбай шешеді. Екі жақтан екі-екі адамнан сөйлетеді де, 
кесімін  айтады.  Көлденеңнен  қыстырылып,  біреудің  аузына  сөз  салған  адамды 
жазалай отырады: кесімінің төрттен бірін соған төлетеді. Куә дегенге сенбейді, қуып 
тастайды.  Ұрының  куәсі  көп,  өтірік  даудың  куәсі  көп,  зорлықшының  куәсі  көп.  Бұл 
оның бұлжытпай ұстайтын дәстүрі. Дау-шар сонда да бір жетіге созылып кетті. 
III.Бұл  күндерде  Ұлпанның  қолы  да  босай  алмады.  Қой  қырқылып,  жылқы  күзеліп 
жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді. 
– Қарағым-ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса бір-екеуіне күпі 
тігіп беретін жабағы берші. 
– Ала қой, шеше... Төртеуіне де жететін етіп ал... 
Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан соң екі кемпір, 
екі  жастау  әйел,  одан  соң  үш  кемпір,  үш  жастау  әйел,  одан  соң,  одан  соң,  одан 
соң...келе берді, көбейе берді, келе берді... 
Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, ұн сұрайды, киіз сұрайды, шай сұрайды, 
бөрікке  тыстық,  көйлекке  түйме  сұрайды,  жайлауға  көшетін  көлік  сұрайды...  Ұлпан 
ешкімнің  қолын  қайтармай  бере  берді.  Мырза  келін  атанғысы  келіп  берген  жоқ, 
әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей намыстанып үлестірді. 
IV.Таң  ертемен  келе  бастаған  сұраншақ  әйелдер  мен  балалар  түс  ауа  әрең  аяқсыды. 
Ұлпан отауына кіре бере жылап жіберді. Күні бойы әлдене алқымына тіреле беріп еді, 


 
 
 
ол көздің жасы екен – ағылды-кетті, ағылды-кетті, кете берді, кете берді. Төр алдында 
жатқан жастыққа құлай кетіп жылап еді, не айтып жылағанын сол жастық қана естіді. 
Әрбір  жастай  қартайған  әйел,  әрбір  көзі  іріңдеген  қыз  бала  көзі  мен  көңіліне  қайта 
оралған сайын, өксіп-өксіп жылады. 
Тойдан  да,  даушылардан  да,  сұраншылардан  да  Ұлпан  әбден  қалжырап  қалған  еді. 
Бұл 
оның 
үйренбеген, 
кездесермін 
деп 
ойламаған 
күндері 
еді. 
Біресе, 
сұраншақтардың  осынша  көптігіне  ыза  болып,  Есенейдің  бар  байлығын  таратып 
бергісі  келеді,  біресе,  Керей-Уақтың  осынша  даукестігіне  ыза  болып,  даушыларды 
қудырып тастағысы келеді. Ақылды болса да «ақыл азуы» деп аталатын даналық азуы 
әлі шықпаған жас әйел көзі үйренбегенге көндіге алмай жүр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет