Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет236/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

Қызылорда қаласының “Халық” газеті өзінің оқырмандарының арасында сауалнама 
жүргізген  болатын.  Сіздерге  сауалнамаға  қатысқан  респонденттердің  ойымен 
танысу үшін келесі мәтін ұсынылады. 
Раушан, архитектор: Қобыз кейпіндегі көпір 
Бізге  қобыз  бейнесіндегі  көпір  жасауға  болады.  Ол  қаланың  қос  бөлігін 
байланыстырып,  шаһарға  ерекше  көрік беріп  тұрар  еді.  Мұнда  келетін демалушылар 
саны  да  үзілмейтін  болады.  Сонымен  қатар,  ұлттық  нақыштағы  нысан,  яғни,  ерекше 
назар аудартатын көпір болмақ. Енді бұл ұсынысты облыс әкімінің назарына ұсынсам 
ба деп отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тапса, тіпті жақсы. 
Сәкен, журналист:Қымызханалар 
Бізге  ұрпақ  саулығы  керек.  Қалада  ашылатын  әр  қоғамдық  орынның  барынша 
пайдалы  болуын  ойластыру  керек  деп  ойлаймын.  Айталық,  қымыз  қырық  аурудың 
алдын алады екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларының бірі ретінде 
қымызханалар ашуды ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана  қандай болу  керек деген 
сауал туады. Ол заман талабына сай  кафе  типтес болу  керек. Мұны аз десеңіз, ішіне 
жалт-жұлт  еткен  шамдар  жақсын,  әйтеуір  елді  өзіне  тартсын.  Сол  арқылы 
ауылшаруашылығы  өнімін  өткізсін.  Ондай  жерлерде  терме,  түрлі  аңыз-әңгімелер 
айтылып тұрса, нұр үстіне нұр. Қазір қоғам соған сусап отыр. Ең бастысы, денсаулық 
пен  ауылшаруашылығының  дамуына  үлес  қосатын,  рухани  күшейтетін  дүние  –  осы 
демалыс орындары. 
Динара, қала тұрғыны:Кемпинг 
Ашық  аспан  астындағы  спорттық  ойын  алаңдары  салынса  жақсы  болар  еді.  Халық 
сондай  орындарға  зәру.  Бұл  бір  жағынан  бұқаралық  спортты  дамытуға  сеп  болса, 
екіншіден,  бос  уақытты  өткізетін  керемет  орын  болар  еді.  Содан  соң  қала  сыртында 
демалыс  орындарын  көбейткен  дұрыс.  Мәселен,  кемпинг  (автотуристтерге  арналған 
демалыс орны) түріндегі орындар бой көтергенін қолдаймын. 
1.Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтіндегі ойға сәйкеспейді? 
1.Ауылшаруашылық өнімдерін еткізу мәселесі шешімін тапты. 
2.Қобыз кейпіндегі көпір қаланың негізгі көркіне айналды. 
3.Демалушылар автокөліктеріне орын болу мәселесі өзекті емес. 
A)Тек екіншісі 
B)Тек үшіншісі 
C)Бірінші мен екіншісі 
D)Тек біріншісі 
E)Үшеуі де 
2.Сауалнамада сөз болмаған мәселе. 
A)Ұлттық нақыштағы концерт залын салу. 
B)Қызылорда қаласында демалыс орындарын ашу. 
C)Бұқаралық спортты дамыту. 
D)Қала тұрғындарының денсаулығын нығайту. 
E)Ауылшаруашылық өнімін өткізу. 
3.Халық өнері туралы ойды кім қозғайды? 
A)Динара мен Сәкен 
B)Сәкен 
C)Раушан мен Динара 
D)Динара 
E)Раушан 
4.Берілген мәтін қай стильде жазылған? 
A)Ауызекі сөйлеу 
B)Ғылыми 
C)Көркем әдебиет 
D)Іс қағаздар 
E)Публицистикалық 
5.Кімнің пікірі салауатты өмір салтына қатысты? 
A)Динара мен Раушанның 
B)Барлық респонденттердің 


 
 
 
C)Раушанның пікірі 
D)Сәкен мен Раушанның 
E)Сәкен мен Динараның 
6.Архитектордың пікірінше, қандай жағдайда оның ұсынысы іске асуы мүмкін? 
A)Егер сотта қаралып, оң шешім қабылданса 
B)Егер демалушылардан қажетті қаражат жиналса 
C)Егер Қызылорда тұрғындарының жиналысында қаралса 
D)Егер қала тұрғындары қолдап дауыс жинаса 
E)Егер облыс әкімшілігі қабылдап, қаражат бөлінсе 
 
3.24-мәтін 
Баяғыда  өз  империясын  гүлдендірген,  жарқын  жеңістерімен  тарихта  өшпес  із 
қалдырған,  өте  батыр,  өте  ақылды  және  өте  керемет  жетілген  саясаткер  патша 
болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын 
шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда:  «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе 
істей  алмайсың»,  –  деп  қорқытатын.  Ұстаз  патшаға  шағымдану  әдепсіздік  болар  деп 
біраз  уақыт  сабыр  сақтап  жүреді.  Алайда  еркелігі  тым  шектен  шыға  бастағанда, 
амалсыз  әкесінің  алдына  кіруді  ұйғарады.  Патшаға  келіп  жағдайды  айтқанында,  ол 
ұстаздың  құлағына  бұл  жағдайдың  шешімін  сыбырлайды.  Ұстаз  патша  сөзіне  таң 
қалады.  Мұндай  әрекетке  бара  алмайтындығын  айтса  да,  патша  осы  жоспарды 
орындау керектігіне сендіреді. 
Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында 
тағы  да  әкесімен  қорқыта  бастады.  Сол  сәтте  ішке  патша  кіріп  келеді.  Ұстаз 
ашуланып  патшаға  ұрсып  береді,  бұлай  жайбарақат  кіруге  болмайтындығын,  есікті 
қағып,  рұқсат  сұрап  кіру  керектігін  айтып  қуып  шығады.  Патша  басы  салбыраған 
күйде  кешірім  сұрап  шығып  кетеді.  Бұл  жағдайды  бақылап  отырған  ханзаданың  тілі 
тұтылып, не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс 
естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, 
рұқсат сұрап ішке кіреді. 
Жоспар  керемет  түрде  жүзеге  асқан  еді.  Осы  күннен  бастап  ханзада  еркелігін 
доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты. 
1.Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді? 
A)Сабақты жақсы оқу керектігін 
B)Ұстазының әкесінен қорқатынын 
C)Әкесінің талап қойғыштығын 
D)Ұстазы білімді екендігін 
E)Ұстазды патша да сыйлайтынын 
2.Патша баласы қандай еді? 
A)Ашуланшақ 
B)Сыпайы 
C)Айлакер 
D)Шолжаң 
E)Ақылсыз 
3.Мәтіннің стилі қандай? 
A)Көркем әдебиет 
B)Ғылыми 
C)Ауызекі сөйлеу 
D)Ғылыми-көпшілік 
E)Ресми іс-қағаздар 
4.Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Әке балаға сыншы 
B)Алып – анадан 
C)Бала – бауыр етің 
D)Білім – бұлақ 
E)Ата – баланың қорғаны 
5.Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді? 
A)Патша бұйрығын бәрінің орындау керектігін ұғындыру 
B)Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру 
C)Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу 
D)Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету 
E)Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру 
6.Патшаның құлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі 
A)Патша ұсынысы әділетсіз көрінді 


 
 
 
B)Патша ұсынысынан қорқып кетті 
C)Патша ұсынысы қатал көрінді 
D)Патша ұсынысын ақымақтық деп санады 
E)Патша ұсынысы оғаш көрінді 
 
3.25-мәтін 
1.Пілдер  –  ежелгі  тұмсықтылар  тобынан  біздің  заманымызға  жеткен  жалғыз  жануар. 
Бұрын  олардың  түрі  40-қа  жеткен  болса,  бүгінде  үш  қана  түрі  бар:  Саванналық 
африка нілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы – 6-
8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі – 
үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай 
пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы 
бір  мезгілде  7,5  литр  суды  ұстап  тұра  алады.  Пілдердің  көздері  жақсы  көрмейді, 
есесіне  олар  ешбір  жаратылыс  сезбейтін  иісті  сезіп  қояды.  Оның  тұмсығында  40 
мыңнан  астам  рецептор  бар.  Пілдің  кейбір  тұстарындағы  тері  қалыңдығы  –  4-5 
сантиметр болады. 
2.Пілдер  мұңаяды,  уайымдайды,  сағынады,  ағайындарына  көмектеседі,  музыкамен 
айналысады,  сурет  салады.  Өздерінің  дене  көлеміне  қарамастан  олар  епті  және  тез 
қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған. Басқа ірі 
сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда салқын жерді жақсы көтереді. Күннің 
ең  ыстық  уақытын  көлеңкеде  өткізіп,  денесін  салқындату  мен  жылу  алмасуды 
жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су 
құйып,  батпақ  пен  шаңда  аунағанды  ұнатады.  Бұл  әрекеттер  терілерінің  құрғап 
кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды. 
3.Пілдер – отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әрқашан 
отбасымен  бірге  өмір  сүреді,  өлгенде  немесе  адамдар  ұстап  алғанда  ғана  бөлінуі 
мүмкін.  Олар  топ-тобымен  жүреді.  Топтағы  пілдер  саны  6  мен  12-нің  аралығында 
болады.  Ал  аталық  пілдер  12  жасқа  таяғанда  отбасынан  бөлініп  шығады.  Дүниеге 
жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 кг-ға жуық болады. 
Туғанда  көзі  соқыр  болатындықтан,  анасының  тұмсығына  арқа  сүйейді.  Жаңа  туған 
пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен олардың тәжірибелі мүшелері 
оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық 
жинауға  кетеді.  Пілдер  күніне  100  литр  су  ішіп,  300  кг  шөп  жей  алады.  Пілдер 
тәулігіне  3  сағат  шамасында  ғана  ұйықтайды.  Жалпы  олардың өмірінің  басым бөлігі 
тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды. 
4.Пілдер  –  Африка  мен  Азияның  қалың  ормандарында  және  ашық  өлкелерінде 
мекендейді.  Азия  пілдерінің  мекендейтін  аймағы:  Оңтүстік  және  Солтүстік-шығыс 
Үндістан,  Шри-Ланка,  Непал,  Бутан,  Бангладеш,  Мьянма,  Тайланд,  Лаос,  Камбоджа, 
Вьетнам, Оңтүстік-батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Бруней аймақтары. 
1.Мәтін бойынша пілдерге қатысты дұрыс нұсқа. 
A)Африкалық епсіздер 
B)Тепе-теңсіз алыптар 
C)Сахаралық епсіздер 
D)Еуропалық алыптар 
E)Азиялық алыптар 
2.Пілдердің қай мүшесі нашар дамыған? 
A)Көру мүшесі 
B)Қозғалыс мүшесі 
C)Дәм тату мүшесі 
D)Есту мүшесі 
E)Сезу мүшесі 
3.Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын ұйқыға арнайды? 
A)Екіден бірін. 
B)Үштен бірін. 
C)Сегізден бірін. 
D)Алтыдан бірін. 
E)Төрттен бірін. 
4.Мәтін мазмұны бойынша пілдер неліктен құлақтарын қағады 
A)Жылу алмасуды реттеу үшін 
B)Күнге күймес үшін 
C)Суықтан қорғану үшін 
D)Денесіне батпақ шашу үшін 


 
 
 
E)Шыбын-шіркейден қорғану үшін 
5.Жаңа туған пілге катысты дұрыс мәліметтер 
1.Аяғына тік тұра алмайды 
2.Салмағы 120 келіге жуық болады 
3.Туғанда көзі соқыр болады 
A)Үшеуі де дұрыс 
B)Бірінші мен үшінші дұрыс 
C)Екінші мен үшінші дұрыс 
D)Бірінші мен екінші дұрыс 
E)Үшеуі де бұрыс 
6.Пілдердің қай мүшесі ең көп қызмет атқарады? 
A)Аяғы 
B)Тұмсығы 
C)Көзі 
D)Құлағы 
E)Басы 
 
4.1-мәтін 
I. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе? 
1.«Құрт  –  құрғатылған,  кептірілген  сүт  өнімі.  Пісіліп,  майы  алынған  айранды 
қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі», – 
деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы. 
2.Адам  денсаулығына  аса  пайдалы  екендігінің  дәлелі  –  құрт  –  кальцийдің  көзі. 
Сондай-ақ, ақуызға өте бай. Сондықтан ол – құнарлы тағам. Оның құрамында A, В, С 
дәрумендері,  мыс,  мырыш,  күміс,  темір,  кремний,  магний,  кальций,  алюминий 
микроэлементтері жетерлік. 
3.Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол – баланың  бойының өсуіне және 
сүйектері,  тістері  дұрыс  қалыптасып,  жетілуіне  септігін  тигізер  тағамдардың  бірі. 
Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың 
иектерінің  қатаюына  жәрдемдеседі.  Кепкен  құртты  мүжіген  баланың  тісі  сау,  сүйегі 
берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек – тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді 
жұмыс  жасауына  сеп  болады.  Жасы  ұлғайған  кісілерде  зат  алмасу  баяулай 
бастайтыны  белгілі.  Құрттың  құрамында  зат  алмасуды  және  бауырдың  қызметін 
жақсартатын  холин  және  метионин  деген  заттар  бар.  Сондай-ақ,  В  тобының 
дәрумендері  болғандықтан,  қарттарда  жиі  кездесетін  атеросклероз  ауруының  алдын 
алады. 
4.Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің 
жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да 
жоғалтады.  Сол  жоғалған  тұздың  орнын  толтыруға  көмегі  зор.  Құртты  әркім  өз 
қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады. 
II. Сусын әрі қорек 
1.Езілген құрт түйіршіктерін малта дейді. Ол – өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға 
жолаушылар  көбіне  малта  алып  аттанған.  Өйткені  малта  бір  жағынан  ашыққан 
адамның өзегін талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа 
бір айға дейін шыдауы мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ 
жолға шығатын адам малта құрт алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың 
адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар. 
2.Соғыс  ардагерлерінің  естеліктеріндегі  мына  бір  хикая  ерекше  назар  аудартады. 
Соғыс алдындағы қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, 
шегінуге  мәжбүр  болады.  Күші  басым  жау  әскерінің  танктері  екі  қанаттан  орап,  ту 
сыртынан  өтіп  кеткен.  Тірі  қалған  бес  жауынгер  сай-жыраны  сағалап,  жаудың 
тылында  қалады.  Аштық  пен  шөл  бірдей  қысқанда  қатардағы  жауынгер  жүк 
қапшығын  ақтарып  отырып,  бес-алты  құрт  тауып  алған  екен.  Майданға  келгеніне 
сегіз  ай  болса  да,  «елдің  дәмі  ғой»,  –  деп  ырымдап,  жемей  жүрген  көрінеді. 
Жасырынған  жерде  төрт  күн,  төрт  түн  жатады.  Бесінші  күні  таң  ата  қоршаудан 


 
 
 
сытылып  шығып,  өз  бөлімдеріне  қосылыпты.  «Жанымызды  сақтаған  бес-алты  құрт 
болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты. 
1.«Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап 
A)Езілген құрт түйіршіктері. 
B)Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт. 
C)Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. 
D)Қайнап жатқан құрттың көбігі. 
E)Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт 
2.Мәтінде кездеспейтін нұсқа 
A)Қант қосылып жасалады. 
B)Атеросклероз ауруының алдын алады. 
C)Бауырдың қызметін жақсартады. 
D)Баланың бойын өсіреді. 
E)Сүйектердің қатаюына әсер етеді. 
3.Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі 
1.Соғыс ардагерінің хикаясы 
2.Ұлттық тағамның жасалуы 
3.Дәрумендерге бай екендігі 
4.Балалар мен үлкендерге пайдасы 
5.Езілген құрт түйіршіктері 
A)5,1,2,3,4 
B)2,3,4,5,1 
C)3,2,5,4,1 
D)2,1,3,4,5 
E)1,3,4,5,2 
4.Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы 
A)Атеросклероздың алдын алады 
B)Иекті қатайтады 
C)Шөлдетпейді 
D)Зат алмасуын реттейді 
E)Бауыр жұмысын реттейді 
5.Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа 
A)Кептірілген сүт өнімі 
B)Бие сүтінен жасалады 
C)Кальцийдің көзі 
D)Шөлден құтқаратын қасиеті бар 
E)Ақуызға бай тағам 
6.Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз 
A)Құрттың пайдасы 
B)Құрттың түрлері 
C)Құрт түйіршіктері 
D)Сүт тағамдары 
E)Құрттың жасалуы 
7.Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі? 
A)Бірінші мәтіннің I бөлігінде 
B)Екінші мәтіннің II бөлігінде 
C)Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде 
D)Бірінші мәтіннің II бөлігінде 
E)Бірінші мәтіннің III бөлігінде 
8.Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A)Құрттың қанша түрі бар? 
B)Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар? 
C)Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы? 
D)Құрт қалай жасалады? 
E)Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма? 
 
4.2-мәтін 
1.Бабаларымыз  төрт  түлікке  ерекше  көңіл  бөлген.  Қайда  болмасын,  бірін-бірі 
танысын-танымасын,  кездесе  қалған  қазақ  «мал-жан  аман  ба?»  деп  амандық-саулық 
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық 
күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар 
түйенің  жүнінен  түйе  жүн  шекпендер  киген,  ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған. 
Түйе  өзінің  өсу  жолында  бота,  тайлақ,  буыршын,  буырлыш,  науша,  бұзбаша,  інген, 
атан, бура деп аталады. 
2.Қазақтың  қасиетті  малдарының  бірі  –  жылқы.  Оны  құлын,  жабағы,  тай,  құнан, 
байтал,  дөнен,  бесті,  бие,  ат,  сәурік  (сүйрік),  айғыр  деп,  қасиеттеріне  қарай  жорға, 


 
 
 
сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын 
аса  жоғары  бағалаған  қазақтар  оны  үлкен  ас-тойларда  жарысқа  салып,  бас  бәйгесіне 
мол  дүние  беретін  болған.  Ер  азаматтарға  жасалатын  сыйдың  да  үлкені  ат  мінгізіп, 
шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, 
жорға  жүріс,  жортақ  жүріс,  бүлкек  желіс,  бөкен  желіс,  шоқыта  жүру,  шабыс.  Оның 
түсі  де  әртүрлі  теңеулермен  сипатталған:  торы,  күрең,  жирен,  ақбоз,  боз,  көк, шұбар 
т.б. 
3.Сиыр  малы  момақан,  қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа  жараған,  ет,  сүт,  айран, 
қаймақ,  май,  құрт,  ірімшік  т.б.  осы  сиырдың  берген  берекесі  болған.  Сиырды  кейде 
көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, 
қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта 
ебедейсіз,  икемсіз  әрі  денелі  адамды  «сиырдай»  деп,  сөйлемейтін  адамды  «аузын 
буған  өгіздей»,  «мыңқиған  бұзау  сияқты»  деп  мазақтайтын  тіркестер  қолданылады. 
Сиыры  жоқ  үй  ас-ауқаты  жұтаң  үй  болып  есептелген.  Сиырды  жасына  қарай:  бұзау, 
торпақ,  тана,  тайынша,  қашар,  құнажын,  дөнежін,  сиыр,  өгіз,  бұқа  деп  атаған.  Түйе 
мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та 
мінеді. 
4.Қой  –  төрт  түлік  малдың  ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі  десе  де  болады.  «Қойдың 
сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы 
мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті 
жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға 
апарып,  әкелетін  өзіндік ерекшелігі  бар.  Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды.  Ешкіні 
жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. 
5.Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда 
мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды 
пайдаланып  отырған.  Шаруашылықта  қолданылатын  заттар  –  жылқының  жалынан, 
құйрығынан  жасалатын  арқан,  сиыр  мүйізінен  жасалатын  тарақ,  қой  жүнінен 
жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса 
жоғары  бағаланған.  Тіпті  түйенің  шудасын  да  қайнатып,  емге  пайдаланған.  Мал 
осындай  аса  құнды  болғандықтан,  қазақтар  өз  перзенттерін  де  «құлыным,  қозым, 
қошақаным, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған. 
1.Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған? 
A)Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан 
B)Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан 
C)Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған. 
D)Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан 
E)Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған. 
2.Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі? 
A)Оқу, білім алудың бірден-бір көзі болған. 
B)Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен. 
C)Ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған. 
D)Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі. 
E)Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған. 
3.Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді? 
A)Екінші 
B)Үшінші 
C)Бесінші 
D)Бірінші 
E)Төртінші 
4.Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал 
A)Есі кеткен ешкі жинар. 
B)Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер. 
C)Сиырдың сүті тілінде. 
D)Тайлы бие тайлақты түйедей. 
E)Ат – биеден, аруана – түйеден. 
5.Мәтін мазмұнының реттілігі 


 
 
 
1.Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі. 
2.Сыйдың ең қадірлісі 
3.Үндемейтін адамға қатысты теңеу 
4.Амандасу әдебі 
5.Төрт түлікке қатысты халық ырымы 
A)1.2.5.4.3. 
B)4.2.5.3.1. 
C)1.2.3.5.4. 
D)4.2.3.1.5. 
E)4.5.3.2.1. 
6.Қойға қатысты сипаттама 
A)Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы. 
B)Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді. 
C)Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған. 
D)Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған. 
E)Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. 
7.Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны 
A)Жылқы 
B)Ешкі 
C)Түйе 
D)Қой 
E)Сиыр 
8.Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік 
A)Түйе 
B)Сиыр 
C)Ешкі 
D)Жылқы 
E)Қой 
 
4.3-мәтін 
Майқы  би  (XII-XIII  ғғ.)  –  халықтың  ауызша  тарихының  айтуында,  Шыңғысты  хан 
көтеруге  қатысқан  атақты  12  бидің  бірі.  Әділ  билігімен,  тапқыр  шешендігімен  бүкіл 
қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі 
бір, түп атасы – Майқы би» деген ескі сөз бар. 
Шежіре  деректері  бойынша  Ұлы  жүздің  түп  атасы  Ақарыстан  Ұзынсақал  Ыбрайым, 
одан  Кейкі,  одан  Төбе  би,  одан  Қойылдыр,  Қоғам,  Майқы,  Мекре  тарайды.  Майқы 
есімі қазақтардың  шығу  тегіне  қатысты  көптеген  аңыз  әңгімелерде  кездеседі.  «Қазақ 
Совет  энциклопедиясында»  оның  Шыңғыс  ханның  ел  бастау  ісіне  көмектесіп, 
ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі  болғаны, Жошы ханның 
Батысқа  жасаған  жорығында  монғол  әскерінің  оң  қанатын  басқарғаны  айтылады. 
Осыған қарағанда, Майқы би жас шағынан Шыңғыс ханмен қарайлас болған, 
Ал  қазақ  аңыздары  оны  одан  бірер  ғасыр  кейін  жасатып,  қазақтардың  үш  жүзге 
бөліну  кезеңінде  үлкен  рөл  атқарды  дегенді  айтады.  Мұнда  Майқы  би  Орманбек  би 
өліп,  он  сан  Ноғай  елі  бүлінгенде,  қазақ  ұлысын  құрған  тарихи  қайраткер  есебінде 
көрсетіледі. 
Майқы  би  қазақ  руларын  үш  жүзге  бөліп,  Үйсін  бастаған  бөлікті  Ұлы  жүз,  Арғын 
бастаған  бөлікті  Орта  жүз,  Алшын  бастаған  бөлікті  Кіші  жүз  деп  атайды.  Ноғайлы 
хандарының  бірі  –  Қызыл  Арыстанның  баласы  Ахметті  Ұлытауда  үш  жүздің  ханы 
етіп  көтереді.  Ол  ұлысқа  кірген  40  руға  таңба  таратып,  таңбаны  әр  рудың 
ерекшелігіне  қарай  белгілейді.  Ұлыс  туын  ұстаған  Үйсінге  «жалау»,  ортада  жүрген 
Арғынға  «көз»,  жауға  алдымен  шабатын  Алшынға  «найза»  таңбасын  берген. 
Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа  қашатқан. Кезінде  «Майқының таңбасы» деп 
аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен. 
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, 
қарашасы  ынтымақты,  батыл  болса,  қара  жерден  су  ағызып,  кеме  жүргізеді...  Ақ 
білектің  күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен  қорғап,  ел  болуды  ойлаңдар»,  –  деп  өсиет 
қалдырған. 
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған 
үлкен  ойшыл  адам  болғаны  аңғарылады,  халықтың  әдет-ғұрып,  салтын,  жол-
жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. 


 
 
 
1.Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би 
A)Шешен, әскер басы, тарихи тұлға 
B)Әскер басы, дана би, хан 
C)Би, шешен, үш жүздің ханы 
D)Ақылгөй дана, ел билеуші 
E)Батыр, дана, хан 
2.Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті 
A)Бірлік бар жерде тірлік бар 
B)Ердің атын еңбек шығарар 
C)Әдепті бала – арлы бала 
D)Өнер алды – қызыл тіл 
E)Ақыл азбайды, білім тозбайды 
3.«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? 
A)Ел атымен 
B)Тау атымен 
C)Жер атымен 
D)Өзен атымен 
E)Ру атымен 
4.«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, 
кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар 
A)Отбасы мен ұрпағы 
B)Ел-жұрты мен халқы 
C)Жалшысы мен малшысы 
D)Жұбайы мен жары 
E)Баласы мен данасы 
5.Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз 
A)Ер – елінде, 
Гүл – жерінде. 
B)Сөздің көркі – мақал, 
Жүздің көркі – сақал. 
C)Суды шым тоқтатар, 
Сөзді шын тоқтатар. 
D)Шешеннің сөзі мерген, 
Шебердің көзі мерген. 
E)Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, 
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
6.Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? 
A)Ақарыстан 
B)Арыстан 
C)Шыңғыс хан 
D)Төбе би 
E)Төле би 
7.40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? 
A)Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін 
B)Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын 
C)Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін 
D)Жауға бірінші болып шабатындығын 
E)Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын 
8.Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? 
A)Ыбырайымның 
B)Шыңғыс ханның 
C)Ұзынсақалдың 
D)Төле бидің 
E)Ақарыстың 
 
4.4-мәтін 
Ұлыстың Ұлы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды 
I.Қазақтың  ежелден  тойлап  келе  жатқан  мерекесі  –  Наурыз.  Наурызды  еліміз 
Ұлыстың  ұлы  күні  деп  білген.  Ұлыстың  өзі  мемлекет  дегенді  білдіретінін  ескерсек, 
Ұлыстың Ұлы күні – мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз – Қазақстандағы ең 
басты  мемлекеттік  мейрам  болуы  шарт,  Расында,  Тәуелсіздік  алғаннан  бері  Ұлыс 
мейрамына  ерекше  мән  беріле  бастады.  Мемлекеттік  деңгейде  тойлануы  үшін  үш 
күндік демалыс мәртебесі берілді. 
II.Ал  2009  жылдың  30  қыркүйегінде  ЮНЕСКО  Наурыз  мейрамын  адамзаттың 
материалдық  емес  мәдени  мұралар  тізіміне  енгізді.  2010  жылдың  10  мамырынан 
бастап  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Бас  Ассамблеясының  64-қарарына  сәйкес,  21  наурыз 
«Халықаралық  Наурыз  күні»  ретінде  аталып  келеді.  Бас  Ассамблея  өзінің  берген 
түсініктемесінде  «Наурызды  көктем  мерекесі  ретінде  3000  жылдан  бері  Балқан 
түбегінде,  Қара  теңіз  аймағында,  Кавказда,  Орта  Азияда  және  Таяу  Шығыста  300 
миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген болатын. 


 
 
 
III.Наурыздың  қазақтың  дәстүр-салтын  есіне  түсіретін  этнографиялық  тойына 
айналып  кеткені  де  рас.  Әркім  өзінің  есінде  қалғанын,  білген  дәстүрін  істеп  жүр. 
Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, біреулер баланың тұсаукесерін өткізеді деген 
сияқты.  Наурыз  жаңа  жылдың  басы,  бірнеше  мың  жылдық  тарихы  бар  қасиетті 
мейрам  есебінде  тойланбай  келеді.  Менің  ойымша,  Наурыз  біздің  ұлттық 
жаңғыруымыздың, 
ұлттық 
құндылықтарымызғадеген 
көзқарасымыздың, 
ұлтжандылығымыздың көрсеткіші. 
IV.Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызықты 
деректер  бар  екенін  айтқан  жөн.  «Наурыздың  келген  сәтін  жандыда  балық  біледі» 
дейді  шежіреші.  Наурызнама  той  қылатын  жұрттың  патшалары  тірі  балықты  көп 
қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп 
әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі 
қалмай  теп-тегіс  шалқасынан  жата  қалады.  Қарындары  жарқырап,  лезде  балықтар 
аунаған  жағынан  екінші  жағына  қарай  аунап  түседі.  Сонан  соң  патшалар  барабан 
соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» – деп, 
сегіз  күн  ұдайымен  қол  астына  қараған  жұртқа  той,  тамаша  береді.  Қазақтың 
«Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» 
деген сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына 
иелік жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп 
отырғызатын  қасиетті  тас.  Қазақтың  хандарының  ішінен  бұл  тасқа  Тәуекел  отырған. 
Наурыз  туғанда  хандар  мен  сұлтандар  тұтқындарға  кешірім  жасайды,  зынданда 
отырғандарды  босатады,  құлдар  азаттық  алады,  сол  себепті  «Самарқанның  көк  тасы 
жібіді» делінеді. 
V.Ертеде  Әзірет  Сұлтан  мешіті  ішіндегі  құжыраларды  мекен  қылған  қаптаған 
дуаналар  әлем-жәлем  киініп,  аса  таяқтарын  салдыратып  тойдың  қызығына  олар  да 
қосылған. Нағыз карнавал деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел 
деген  он  екі  жылдық  есебіне  сәйкес  кеп  киіп  шығады.  «Кеп»  қазіргі  бет  перде  деп 
жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян 
сұлу  ауылына  келгенде  Тазшаның  кебін  киетінін  есіңізге  алыңыз.  «Маска-шоудың» 
орнына  бәріміз  он  екі  мүшелдің  бейнесінен  костюм  жасап,  кеп  киіп  «Наурыз-шоу» 
неге  өткізбеске?!  Наурыз  келгенде  он  екі  жылға  ие  болған  жануардың  біреуі  таққа 
мінеді,  біреуі  тақтан  түседі,  өзгелері  де  орнынан  бір-бір  саты  жылжиды.  Наурыз 
тойында  шығырды  алып  келіп  алаңның  ортасына  орнатып  он  екі  жылға  ие  болған 
жануарлардың  кеп-маскасын  киген  адамдардың  бәрін  сол  шығырға  отырғызады. 
Әрине, той мереке өзінен өзі басталып, әнші-күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың 
айтыстарын жасайды, бишілер тойды қыздырып жатады. 
VI.Наурызда  арнайы  наурызнама  жасап  құрбы-құрдас,  сырлас  азаматтар  бір-бірінің 
ауылына  барады.  Наурызнама  жасап  арнайы  келген  адамға  деген  құрмет  шексіз 
болады.  Дәулеті  жеткендері  «тоғыз»  деп  тоғыз  мал  байлайды,  орта  шаруалар  ат 
мінгізіп,  шапан  кигізіп  жатады.  Әйтеуір  наурызнама  жасап  келген  адам  құр  қол 
қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп мата береді. 
VII.Қазақ  –  қызықшыл  халық.  Наурыз  мейрамы  күндері  туыс-туған  көрісіп  жатады. 
Даланың  бала  сияқты  аңғалақ  халқы  әр  әдемі  қимыл,  әр  маңызды  сөзге  бола  той-
мереке жасайды. Осының бәрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары 
той  мерекемен  естен  шығады,  қыстың  шығыны,  қиындығы  ұмытылады.  Наурыз 
мейрамы да осы үшін керек. 
1.М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған? 
A)8 
B)3 
C)5 
D)40 
E)10 
2.Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым 
A)Ұлыстың ұлы күні 


 
 
 
B)Халықаралық наурыз күні 
C)Жаңа жыл тойы 
D)Самарқанның көк тасы жібіген күн 
E)Наурызнама тойы 
3.Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A)Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған? 
B)Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген? 
C)«Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай? 
D)Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған? 
E)ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне қашан 
енгізді? 
4.Қазақстанда «Наурыз» мерекесі 
A)Ұлттық мереке 
B)Халықаралық мереке 
C)Салт-дәстүрлік мереке 
D)Діни мереке 
E)Мемлекеттік мереке 
5.Бас БҰҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау 
A)Батыс Еуропа 
B)Қара теңіз 
C)Таяу Шығыс 
D)Орта Азия 
E)Балқан түбегі 
6.Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз 
A)кеп 
B)керсен 
C)тоғыз 
D)құжыра 
E)балық 
7.Мәтін бойынша «Самарқанның көк тасы жібіді» сөзінің мағынасы 
A)Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру. 
B)Жүрек жібіп, мейірімділік таныту. 
C)Жаңа жылдық басталуы. 
D)Күн жылынып, қар еру. 
E)Мұз жібіп, балық аулау. 
8.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз 
A)Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып 
келеді? 
B)Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз? 
C)Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған? 
D)Мерекеде пісірілетін наурыз көже қалай дайындалатын болған? 
E)Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз? 
 
4.5-мәтін 
I.Қазақ  –  күнделікті  тұрмысын  малмен  тығыз  байланыстырған  халық.  Әсіресе  түйе 
малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-
қону  үшін  жылқыдан  да  артық  бағалаған.  «Бақырауық  демесең,  бағалы  көлік  –  түйе 
ғой»,  «Нары  бардың  малы  бар»,  «Тамырыңнан  түйе  сұра,  қорыққаннан  бие  берер», 
«Көтерем  деп  түйеден  безбе,  салтанатың  емес  пе?»  деген  ескі  мақалдардың  өзі-ақ 
түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. 
II.Түйенің  жүні  мен  терісі  –  киім,  сүті  –  сусын,  еті  –  ас.  Әсіресе  түйе  көш  көлігі 
ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, 
әсіресе  шөлге,  аштыққа  шыдамды.  Осынша  шыдамдылығына,  қуаттылығына 
қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», 
жуас,  қайырымды  мал.  Түйе  түлігі  негізінен  жайылымда  бағылып,  күтімді,  құнарлы 
азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл 
шаруашылық  малдарымен  салыстырғанда  тиімді  болып  табылады.  Түйе  түлігі  күй 
таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе 
күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. 
Бүл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. 
III.Түйе  шаруашылығы  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан,  Маңғыстау,  Қызылорда,  Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер – 


 
 
 
ірі  табандылар  отрядының  түйе  тұқымдасына  жататын  ашатұяқты  сүтқоректілердің 
бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың 
жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Оның  екі  туысы  бар:  бірі  –  түйе,  екіншісі  –  лама. 
Түйелер  –  шөлге  де,  қатты  аязға  да  төзімді,  күшті  көлік  малы.  Түйелер  мен 
таутайлақтардың  башпайларында  мүйізді  тұяқтары  болмайды.  Тұяқтың  орнында 
башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны 
жалпақ  және  астыңғы  жағы  сүйелді,  жұмсақ  көнмен  қапталған.  Сондықтан  бұл 
жануарларды көнтабандылар деп атайды.  Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде 
сүйелді,  сірілі,  түксіз  тықыр  жерлері  болады.  Түйе  шөккен  кезде  сүйелді  жерлері 
ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп 
жата береді. 
IV.Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің 
әр  жерінде  ұзын  шудалы  жүндері  болады.  Құрғақ  далалы,  шөлейтті  және  шөлді 
аймақтарда  тіршілік  етуге  бейімделген.  Сондықтан  халық  түйені  «шөл  дала  кемесі» 
деп атайды. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті 
түйенің  қолға  үйретілген  жері  –  Африка  өңірі.  Қазіргі  кезде  сыңар  өркешті  жабайы 
түйе жойылып  кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе  Моңғолияның Гоби  шөлінде ғана 
сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін 
– «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды. 
1.Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой 
A)Түйенің азығы туралы 
B)Түйенің сипаты туралы 
C)Түйенің пайдасы туралы 
D)Түйенің төлі туралы 
E)Түйе туралы мақал-мәтелдер 
2.Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт 
A)Тікенек шөптерді көп жегенде 
B)Көшкен кезде тоқтамай жүргенде 
C)Алыс сапарға шыққанда 
D)Түнде күйіс қайырып жатқанда 
E)Сусызда қалып, бірнеше тәулік су 
ішпегенде 
3.2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі 
A)Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан 
B)Көшке жиі қолданатындықтан 
C)Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан 
D)Тікенек шөппен қоректенетіндіктен 
E)Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен 
4.Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A)Түйе малы көшке қолданылады. 
B)Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды. 
C)Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады. 
D)Түйе отыз күн шөлге шыдайды. 
E)Түйе көнтабандыларға жатады. 
5.Мазмұн реттілігін көрсетіңіз 
1.Кисе – киім, ішсе – сусын 
2.Төрт түліктің төресі 
3.Түйенің қолға үйретілу тарихы 
4.Қазақстандағы түйе шаруашылығы 
A)3,2,1,4 
B)1,4,3,2 
C)3,2,4,1 
D)2,3,4,1 
E)4,3,2,1 
6.Халықтың түйені "шөл кемесі" деп атауы неліктен? 
A)Кемеге қатты ұқсатқандықтан 
B)Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан 
C)Жабайы түйелерден тарағандықтан 
D)Ашатұяқ сүтқоректілерге жататындықтан 
E)Шөлге шыдамды болғандықтан 
7.Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде? 


A)Сирек кездесетін жануар болғандықтан. 
B)Өсімтал мал болғандықтан. 
C)Жуас мал болғандықтан. 
D)Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген. 
E)Көш көлігі ретінде бағалы болған. 
8.Түйенің жойылып кеткен түрі 
A)Сыңар өркешті жабайы түйе 
B)Қос өркешті түйе 
C)Аруана түйе 
D)Айыр өркешті түйе 
E)Жабағылы жас түйе 
 
4.6-мәтін 
1.Он  жеті  жасқа  қараған  кезде  Ибн  Сина  дәрігер  ретінде  Бұхарада  үлкен  атаққа  ие 
болып,  Бұхарадағы  әмір  сарайына  шақырылды.  Нух  ибн  Мансур  ұзақ  уақыт  бойы 
ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған көмектесе алмады. Ибн Сина 
аз  уақыт  ішінде  басқарушыны  емдеп  шығарып,  әмірдің  жеке  дәрігері  болып 
сайланады.  Сөйтіп  Таяу  Шығыстағы  ең  жақсы  және  бай  кітапхананы  пайдалануға 
рұқсат  алды.  Мүмкін  дәл  сол  Бұхара  кітапханасында  оның  медицина  бойынша 
қорытынды  еңбегін  жасау  идеясы  туындаған  шығар.  Бірақ  ол  кезде  ғалымның 
ойлағанының  бәрі  орындала  бермейтін.  900-ші  жылдардың  соңында  Бұхара  соңғы 
тыныш  күндерін  бастан  өткізеді.  Мемлекет жан-жаққа  бөлініп,  қарахандықтар,  түрік 
көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті... 
1002  жылы  әкесі  қайтыс  болған  соң,  Ибн  Сина  Хорезмнің  астанасы  Гурганджыға 
(қазір  Үргеніш)  көшіп  келеді.  Жергілікті  басқарушы  шах  сарайындағы  Мамун 
Академиясына  пікір  таластыру  үшін  келген  ғалымдарға  қолдау  көрсетті.  Ибн 
Синаның  соңынан  Хорезмге  Бируни  мен  Масихи  келді.  Біраз  жыл  ғалымдар 
тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды. 
2.Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып 
алғысы келді, 1008 жылы ғалымдардан оның астанасына қоныс аударуын  талап етті. 
Ибн  Сина  мен  дәрігер  Масихи  сұлтанға  барудан  бас  тартып,  түнде  Қарақұм  арқылы 
қашып  кетеді.  Аңыз  бойынша  үшінші  күн  жол  жүріп  келе  жатқанда,  дауылға  тап 
болып,  адасып,  сусыз  және  тамақсыз  қалған.  Масихи  шөл  далада  жантәсілім  етеді. 
Ибн Сина әзер дегенде аман қалады. Сұлтан Махмуд  Газневи барлық қалаларға Ибн 
Синаның  сыртқы  түрін  суреттеп  адамдар  жібереді.  Кімде-кім  данышпан  дәрігердің 
тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болады. 
3.Сол  кезден  бастап  Ибн  Синаның  өмірі  Иранның  түрлі  қалаларын  аралаумен  өтті. 
Ғалым  Хамада  және  Исфаханда  өмір  сүрді,  онда  ғылыми  шығармашылықпен 
айналысты,  нысана  қызметімен  шұғылданып,  сондағы  әмірлердің  сарай  дәрігері 
болды.  Ибн  Сина  басынан  қиын  жағдайлар  өтеді.  Бірнеше  рет  қуғынға  ұшырап, 
абақтыға  жабылды.  Сол  кезеңдерде  ғалымның  көптеген  еңбектері  жоғалып  кетті. 
Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды. 
4.Өзінің  күш-жігері  және  ғажап  жадысы  арқылы,  қажетті  әдебиетті  пайдалану 
мүмкіндігінен  айрылса  да,  Ибн  Сина  ғылыми,  әдеби  және  дәрігерлік  қызметін 
тоқтатпады.  Өмірдің  қиын  соқпақтары  денсаулығына  әсер  етіп,  1037  жылы  18 
маусымда қайтыс болады. 
5.«Өлімнің  түйінін  анықтауға»  талаптану,  құпияны  ашу,  ауруды  жеңіп  шығу, 
адамдардың  өмірін  жеңілдету  үшін  барлық  мүмкін  болатын  нәрселерді  жасау  Ибн 
Синамен  алға  басты,  ол  өзінің  медицина  бойынша  «Китабуль-Канун  фит-тыбб» 
(Дәрігерлік  ғылымның  ережесі)  басты  еңбегін  жазып  шықты.  Бес  томдық 
энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, 
медицина  тарихында  атағы  жайылған  кітап  болды.  Еңбек  оның  мазмұны  мен  дәл 
құрылымымен  ерекшеленді.  «Дәрігерлік  ғылымның  ережесі»  грек,  үнді  және  орта 


 
 
 
азиялық  медицина  білімін  және  тәжірибесін  талдау  және  жүйелеуді  ғана  көрсеткен 
жоқ, Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып енгізілді. 
6.Бұрын  медицина  ғылымына  белгісіз  жаңа  мәліметтерді  «Ереженің»  әрбір  бетінен 
кездестіруге  болатын.  Ибн  Сина  ауа  және  су  арқылы  тарайтын  көрінбейтін  жұқпалы 
аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты. 800 жыл өткеннен 
соң  француз  ғалымы  Пастер  қоздырушы  микроб  туралы  ғалымның  бұл  болжамын 
дәлелдеді. 
1.Ибн Синаның кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазуының себебі 
A)Ат үстінде жаңа идеялар туатындықтан 
B)Қуғын-сүргінге ұшырап жүргендіктен 
C)Уақыттың тығыз болғандығынан 
D)Еңбектерін ешкімге көрсеткісі келмегендіктен 
E)Шөл далада ат үсті ыңғайлы болғандықтан 
2.«Дәрігерлік ғылымның ережесі» кітабы Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперуінің 
себебі 
A)Сол кездегі мықты дәрігерлермен бірлесіп жазғандықтан 
B)Дәрігерлік тәжірибесіндегі оқиғаларды суреттегендіктен 
C)Европа медицинасының тәжірибесі талданғандықтан 
D)Ибн Синаның бірнеше елдердің медицинасын зерттегенінен 
E)Ибн Синаның дәрігерлік тәжірибесі жаңа тактика болып енгізілгендіктен 
3.Ибн Сина Гурганджыға қашан көшіп келді? 
A)Өзінің басты еңбегін аяқтаған соң 
B)1008 жылы қоныс аударғанда 
C)1002 жылы әкесі қайтыс болған соң 
D)1010 жылы қуғынға ұшырағанда 
E)900 жылы Бұхарада жүргенде 
4.Мәтіннің үшінші бөліміндегі айтылған ой 
A)Ибн Синаның шөл далада қалғаны туралы 
B)Ибн Синаның Масихимен танысуы туралы 
C)Ибн Синаның Хорезмге келуі туралы 
D)Ибн Синаның ғылыми еңбектері туралы 
E)Ибн Синаның қуғынға ұшырауы 
5.Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып 
A)Танымал Ибн Сина 
B)Ибн Сина әмір сарайында 
C)Ибн Сина еңбектері 
D)Сарай дәрігері Ибн Сина 
E)Жас дәрігер Ибн Сина 
6.Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлемдер 
1.Ибн Сина ауруына себепті дәрігерлік қызметін тоқтатады. 
2.Кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазды. 
3.Ибн Сина Иранның түрлі қалаларында болады. 
4.Ибн Сина Хорезмде өмір сүрмеген. 
A)Екінші мен төртінші 
B)Бірінші мен үшінші 
C)Екінші мен үшінші 
D)Бірінші мен төртінші 
E)Бірінші мен екінші 
7.Ибн Сина мен дәрігер Масихидің Хорезмнен қашып шығу себебі 
A)Білімдерін әрі қарай жалғастырғысы келеді 
B)Махмуд сұлтанның ғалымдардың қоныс аударуын талап етуі 
C)Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд сұлтаннан қорқады 
D)Жат жұрттық сұлтанға бағынғысы келмейді 
E)Басқа қалаларға барып ғылыммен айналысқылары келеді 
8.Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой 
A)Өнерлінің қолы алтын. 
B)Ақыл ойдан туады. 
C)Білім қымбат, білу қиын. 
D)Өнерлінің өзегі талмас. 
E)Жақсының аты, ғалымның хаты 
өлмейді. 


4.7-мәтін 
Қорқыт ата туралы аңыз 
1.Аңыз  бойынша,  анасы  Қорқытты  құрсағында  үш  жыл  бойы  көтеріп  жүріпті. 
Жылына  бір  рет  толғақ  қысып  отырады  екен.  Қорқыт  дүниеге  келер  алдында  әлемді 
үш  күн,  үш  түн  бойы  көзге  түртсе  көргісіз  қараңғылық басады.  Сұрапыл  қара  дауыл 
соғып,  ел-жұртты  қорқыныш  сезімі  билеген.  Осыған  орай  баланың  атын  “Қорқыт” 
деп қойған дейді. 
2.“Қорқыт  ата  кітабында”  Қорқыт  ата  жырау,  ақылгөй,  данышпан,  көсем,  бақсы, 
күйші  ретінде  көрінеді.  Кітаптың  басында  Қорқыт  атаның  нақыл  сөздері  келтіріледі. 
Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, 
өзгереді,  ұмыт  болады,  тек  мәңгі  бақи  өлмейтін,  ұмытылмайтын  нәрсе  –  адамның 
өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. 
3.Аңыз  бойынша,  Қорқыт  ата  ұйықтап  кетіп,  “егер  өлімді  есіңе  алмасаң,  мәңгі  өмір 
сүресің”  деген  аян  естиді.  Біраз  уақыт  өткен  соң  бір  баспақты  қуып  жүріп,  жете 
алмағасын:  “Өлсем  де,  жетемін!”  дейді.  Соны  айтуы  мұң  екен,  Әзірейіл  келіп:  “Сен 
өлімді  еске  алдың,  енді  өлесің!”  –  дейді.  Аңызда  Қорқыт  ата  өзінің  жүйрік 
желмаясына  мініп,  халқы  бақытты  өмір  сүретін  жерұйықты  іздеуші,  ғұмыр  бойы 
өлімге  қарсы  күресуші  жан  ретінде  суреттеледі.  Ел-жұртты  өзінің  жырымен  де, 
күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының 
алауыздығына  күйінген  Қорқыт  ата  мәңгілік  өмір  сырын  іздеп,  дүниенің  төрт 
бұрышын  кезіп  кетеді.  Бірақ  қайда  барса  да,  алдынан  көр  қазып  жатқан  адамдарды 
жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. 
“Қайда  барсаң  да  Қорқыттың  көрі”  деген  сөз  осыдан  қалған.  Ақыр  аяғында  жер 
кіндігін тапсаң, тірі қаласын деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан 
мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келеді. 
4.Тағы  бір  аңыз  бойынша,  өзен  ортасына  кілем  жайып,  үстінде  отырып  қобыз 
тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт ата қобыз тартқан жылдары өлім 
болмаған,  тек  бақытты  тіршілік  болған  дейді.  Бірақ  Қорқыт  ата  шаршап,  ұйықтап 
кеткен  сәтінде  судан  кішкентай  қайрақ  жылан  шығып,  оны  шағып  өлтіріпті  дейді. 
Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келген. 
5.Қорқыт  ата  туралы  аңыздарда  кездесетін  үлкен  философиялық  мәселе  –  уақыт  пен 
кеңістік мәселесі. Бұл аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып, бүкіл әлемді аралайды. 
Түсінен  шошынған  ол  ажалдан  құтылу  үшін  ертеңіне  дүниенің  екінші  шетіне  көшіп 
кетеді.  Мұнда  ол  баяғы  түсті  тағы  көреді.  Таң  атысымен  тағы  да  жолға  шығады.  Не 
істерін  білмей,  жердің  ортасына  бармақ  болады.  Жер  ортасы  –  Сырдың  жағасы, 
қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “Ажалды тоқтату мүмкін еместігін 
мойындағысы  келмеген  Қорқыт  ата  жұрттан  безіп,  айдалаға,  табиғат  аясына  кетеді, 
бірақ  таулар  да,  жазықтар  да,  ормандар  да  оған  өлім  күтіп  тұрғанын  айтады.  Содан 
қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. 
Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. 
1.Қорқыттың ерекше жан екенінің дәлелі 
A)Күйшілік өнері 
B)Дүниеге келу тарихы 
C)Қобыз жасауы 
D)Ел кезіп кетуі 
E)Қалған мұрасы 
2.Қорқыттың «Өмір тек өнерде» деген ойы айтылмайтын аңыз 
A)Бірінші 
B)Үшінші 
C)Екінші 
D)Бірінші, үшінші 
E)Төртінші 
3.Мәтін бойынша Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін не растайды? 
A)Шығарған жырлары 
B)Қорқыт ата кітабы 
C)Қобызды жасауы 
D)Кесенесі 
E)Бізге жеткен күйлері 
 
 


 
 
 
4.Қорқыттың көлігі 
A)Кілем 
B)Пырақ 
C)Түйе 
D)Қазанат 
E)Тұлпар 
5.Аңызда Қорқыт ата қалай суреттелген? 
A)Әділ төрелік айтушы қарт. 
B)Күміс көмей, жез таңдай әнші. 
C)Халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші. 
D)Жырау, жаһангер кейіпкер. 
E)Халқына мұра етер ұлттық аспап әзірлеуші. 
6.Мәтіннің екінші бөліміне сай тұжырым 
A)Өлмеудің амалын өнерден табу. 
B)Өлмейтін нәрсе – игілікті іс. 
C)Ел-жұртты аузына қарату. 
D)Мәңгі өмір – Жерұйықта. 
E)Өнерін жұртшылыққа үлгі ету. 
7.Қазақ аңызындағы Қорқыт ата бейнесі 
A)Ғылым іздеп, әлем шарлаған бақсы. 
B)Жерұйықты іздеп тапқан күйші. 
C)Мәңгілік өмірдің сырын тапқан адам. 
D)Әлемді тануға күш қосқан аңыз адам. 
E)Ажалмен айқасқан алып рухани тұлға. 
8.Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келуінен халықтың өлімге деген 
философиялық көзқарасы 
A)Өлімнен ұят күшті. 
B)Батырды намыс өлтіреді. 
C)Қорқыт мың өледі. 
D)Өлген келмес, төгілген толмас. 
E)Ажал айтып келмейді. 
4.8-мәтін 
I.Алматы  апортының  тарихы  адамның  басын  айналдырғандай  еді.  Ол  –  араға 
миллиондаған жылдар салып, атамекеніне қайта оралған алма ағашының жемісі. Жер 
шарын  шыр  айналып  шыққан  алма  ағашы  ақырында  өз  топырағын,  Алматының 
айналасын, қайта тапты. 
II.1913  жылы  Мәскеуде  тарихтың  төрінен  орын  алған  ұмытылмас  оқиға  болды. 
Патшалық  Ресей  тарихында  ең  соңғы  үлкен  той  болып  өтті.  Романовтар  әулетінің 
тұғырдан таймай таққа отырғанына 300 жыл толған. Үш ғасырлық осы торқалы тойда 
қазақтардың төбесі көкке бір елі жетпей қалды. 
Әлемдегі  ең  үлкен  империяны  ғасырлар  бойы  уысында  ұстап  келген  Романовтар 
әулеті ол кезде барлық құрметке лайықты еді. Патша ағзам өткізген ұлан-асыр тойда 
жан-жақтан Мәскеуге келген сый-сияпатта шек болмады. Алайда қазақ топырағынан 
барған тартудың орны бөлек болды. Ол кәдімгі алма болатын. Алма болғанда қандай! 
Атты  кісі  аттан  түсіп,  жаяу  кісі  жатып  қарайтындай  еді!  Алматы  апортының  даңқы 
осы  сәтте  бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндіріп  өтті.  Тойға  қазақ  жерінен  30-дан  астам  адам 
барған болатын. 
III.–  Біздің  қазақтың  Үш  жүзінен  барған  ақсақалдар  патша  тойына  Алматының 
апортын  алып  барған.  Оның  әрқайсысының  салмағы  1  килограмм  200  грамм  –  1 
килограмм  300  грамнан  шыққан  еді.  Тойға  жиналған  қауым  сол  жерде  өлшеп  көріп, 
Алматының  алмасына  таң  қалады.  Небары  300  граммның  айналасындағы  өздерінің 
«Антоновка» сияқты алмаларын ғана көріп жүрген жұрттың риза болғаны соншалық 
–  «Мұны  біздің  патшамыздың  құрметіне  «Александра»  деп  атайық»,  –  дейді  сол 
жерде. Сөйтіп, біздің Алматының апорты осындай атауға ие болып шыға келді. 
–  Негізі,  апорт  алмалар  Қырғызстанда  да  бар,  біздің  елімізде  де  бар,  басқа  жерде  де 
болуы  мүмкін,  бірақ  нағыз  апорт,  өзінің  топырағын  тапқан  апорт  –  Алматының 
апорты, дейді ғалым-биолог Құнанбай Ысмағұлов. 
IV.Әр  нәрсенің  өз  Отаны  болады.  Бұл  орайда  біздің  қазақ  мақтана  алады,  әлем 
ғалымдарының айтуынша, есте жоқ замандардан бері жасап келе жатқан алма ағашы 
басқа  жерлерге  о  баста  қазақ  жерінен  барған.  Оның  мұнда,  біздің  аймақта,  өсе 


 
 
 
бастағанына 50 миллион жыл болды. Оны ғалымдарымыздың өздері айтып отыр. 
V.Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі,  биолог-ғалым  Аймақ  Жанғалиев  біздің 
ғалымдарымыздың қол жеткізген жетістіктері жайында: 
– Біздегі жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай бұрын да өскен, жер жүзіне осы 
өңірден  тараған.  Жабайы  алманы  ешкім  қолдап,  қорғап  отырмайды,  ол  өзі 
дарвинизмнің  эволюциялық  даму  заңдылығындағыдай,  өзін-өзі  сақтап,  табиғи 
сұрыпталып,  дамып  жетіліп,  таралып  отырған.  Мұны  біздің  зертханада  Ботаника 
институтының ғалымдары әлемдік деңгейде зерттеп, дәлелдеп берді, – деген. 
1.Патшалық Ресей тарихындағы ең соңғы үлкен той 
A)Апорттың 50 млн жылдығы 
B)Қазақ елінің Ресейге қосылу салтанаты 
C)Ресей қол астындағы елдердің тойы 
D)Александр патшаның таққа отырғанына 300 жыл 
E)Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл 
2.Мәтін бойынша Алматы апортының жаңа атауы 
A)«Семиренка» 
B)«Лимонка» 
C)«Антоновка» 
D)«Романовка» 
E)«Александра» 
3.Мәтін бойынша Алматы апортының даңқы бүкіл әлемді дүр сілкіндіруінің себебі 
A)Дәмі ерекше тіл үйірер болғандықтан 
B)Әр алманың салмағы 1 келіден аса болғандықтан 
C)Ғалымдардың қол жеткізген жетістіктері болғандықтан 
D)Патшаға бұрын соңды ешкім алма тарту етпегендіктен 
E)Қазақтың бай-бағландары өздері өсіріп апарғандықтан 
4.Мәтінде Аймақ Жанғалиев біздің ғалымдарымыздың қол жеткізген қай жетістіктері 
жайында сөз қозғайды? 
A)Романовтар әулеті тойында апорт алмасының атауы өзгергенін зерттегенін 
B)Ерте замандардан бері жасап келе жатқан алма ағашының әлемге әйгілі болғанын 
зерттегендігі 
C)Жабайы алмалардың өзін-өзі сақтап, табиғи сұрыпталып, дамып жетіліп, таралып 
отырғандығын зерттегендігі 
D)Апорт алмалар Қырғызстанда және басқа жерлерде де болуы мүмкін екенінің 
зерттегендігі 
E)Әрқайсысының салмағы 1 килограмм 200 грамм, 1 килограмм 300 граммнан 
шығатынын зерттегендігі 
5.Апорт тарихы 
A)70 жыл 
B)300 жыл 
C)70 млн жыл 
D)500 жыл 
E)50 млн жыл 
6.Апортқа қатысты қазақстандық ғалымдардың еңбегі сөз болатын азатжол 
A)1 
B)5 
C)2 
D)4 
E)3 
7.Жер шарын шыр айналып шыққан алма ағашының Отаны 
A)Алматының маңы 
B)Іле өзенінің маңы 
C)Қырғыз елі 
D)Ресей жері 
E)Мәскеу қаласы 
8.Ғалым-биолог Қ.Ысмағұлов сөзінің түйіні 
A)Жабайы алма табиғи сұрыпталып, дамып жетілген, таралған 
B)Ертеден келе жатқан апорт алмасы басқа елге қазақ жерінен барған 
C)Біздің ғалымдар апорттың тарихын әлемдік деңгейде дәлелдеп берген 
D)Апорттың біздің аймақта өсе бастағанына 50 млн жыл 
E)Өз топырағын тапқан нағыз апорт – Алматының апорты 
 
 


 
 
 
4.9-мәтін 
I.– Біз бүгін  кешке  қарай Жамбыл  қарттың ауылына барып  келейік. Жәкеңнің алдын 
көріп, сәлем беріп қайтқаның орынды болады, – деді Сәбит. 
Сол  күні  кешке  Ұзынағашқа  бардық.  Жамбылдың  үйіне  кіріп,  бір  бөлмесінде 
жантайып жатқан жұдырықтай ақсақалға сәлем бердік. 
– Тәте, баяғы Ғазіреті Ғали сияқты, майданда жауды жайпап жүрген Бауыржан деген 
батыр  балаңыз  осы,  –  деді  Сәбит  Жамбылдың  құлағына  дауыстап.  –  Талай  немісті 
қырып салған нағыз ердің ері. Соғыстан келіп еді, енді соғысына қайта кеткелі жатыр. 
Сізге сәлем беріп, батаңызды алып кетемін деп келді. 
II.Жамбыл  менің  бетіме  сығырая  қарады.  Оның  сынап  отырғанын  байқап,  мен  де 
қабағымды  түйіп,  оған  ежірейе  қалдым.  Содан  соң  Жамбыл  Сәбитке  қарай  мойнын 
бұрды да: 
– Мына қызынды... түсі тым суық екен, батыр болса болар! – деді. 
Сәбит оған қарық болып күліп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен маған қайта 
қарады. 
– Батыр болсаң, сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы? - деді. 
Мен ойланбастан жауап бердім: 
–  Өтеген  қаптап  келе  жатқан  өрт  сияқты  да,  Сұраншы  сарқырап  аққан  су  сияқты 
батыр  болатын.  Дүниеде  от  пен  судан  күшті  жоқ.  Мен  ол  екеуінің  ешқайсысына  да 
пар келе алмаймын. Мен – оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке, – дедім. 
Жәкеңнің өлеңінде өзі айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етіп қалды. Ол 
атамыздың  күлгені  екен.  Енді  көзі  шырадай  жанып,  жылы  ұшқын  шашып  тағы  да 
Сәбитке қарады. 
– Әй, Балуан, мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, қоныңдар, 
–  деді.  Жәкең  Сәбитті  мол  денесіне  байланысты  ылғи  осылай  «Балуан  Шолақ»  деп 
атайды екен. Жамбыл «Балуан Шолақ» десе, Сәбит «Ау, тәте» деп жауап береді. 
III.Біз жайғаса бастадық. Сырт киімдерімізді шешініп жатқанымызда шалдың сақалы, 
су бетіне секірген аққайрандай болып, бір жарқ ете қалған еді. Енді жайланып отыра 
бергенімізде,  ай  мүйізді  ақ  қошқардың  үстіне  салт  мінген  біреу,  шабуылға  шығатын 
кавалеристей екпіндетіп келіп, табалдырық алдына тоқтай қалды да: 
– Әумин, – деп алақанын жайды. 
Малдас құрып отырған Жәкең мойнын бұрды да: 
–  Әй,  Балуан  Шолақ,  өзің  жасаушы  ма  едің,  әлде  батырың  беруші  ме  еді  батаны?  – 
деді. 
– Ойбай, тәте, өзіңіз жасаңыз, – деді Сәбит. Жамбыл алақанын жайды да: 
Батырдың жолы болсын! 
Самсаған қолы болсын! 
Түсі де суық екен, 
Ісі де долы болсын, аллаәкпар! – деп бетін сипады. 
IV.Ауыл  адамдары  жиналып,  әңгімелесіп,  Жәкеңнің  соғыс,  майдан  жайындағы  әр 
түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұзақ отырдық. Түннің бір кезінде алдымызға ет келді. 
– Ал Балуан, ал Батыр, сыбағаларыңа қол созыңдар, – деді Жамбыл табақты нұсқап. 
Сәбит  пен  Ғали  етті  шеңгелдеп  асай  бастады.  Мен  табаққа  қол  созбай  отырып 
қалдым. 
–  Делбе  болған  жылқыдай  мына  қызталағың  неғып  отыр  ет  жемей?  –  деді  Жамбыл 
Сәбитке сақалын шошаң еткізе мені иегімен нұсқап. 
– Әй, Бауыржан, неге жемейсің, бөгіп қалғанбысың! – деп Сәбит табаққа қайтадан қол 
соза бастады. 
– Жемеймін! – дедім мен қатаң үнмен. 
Сәбит табақтан қолын тартып алып, менің бетіме қарады. 
– Әй, Бауыржан, саған не болды? – деді ол үні одан сайын қарлыға шығып. 
–  Мен  мұнда  сыбаға  жеу  үшін  келгенім  жоқ,  –  дедім  Сәбитке  дауысымды  қаттырақ 


 
 
 
шығарып.  –  Сыбағаны  немістерді  жеңгеннен  кейін  жеймін.  Ал  мұнда  ұлы 
Жамбылдың, соғыстағы бар солдаттың ұлы әкесінің сарқытын ішуге келдім... 
Сөйтіп,  Жәкеңнің  жүзін  көріп,  қолынан  дәм  татып,  төрінде  жатып,  қонақ  болып 
аттандым. Ертеңінде поезға мініп, майданға қарай бет түзедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет