Механика-математика факультеті



Дата13.07.2023
өлшемі4,57 Kb.
#104305

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Механика-математика факультеті
«6B05401 - Математика» мамандығы
М-21 тобының студенті
Баятанова Арайлым Маликқызы
оқу практикасы бойынша
Есеп

Мен, Баятанова Арайлым Маликқызы , 23.05.2023 - 10.06.2023 ж.ж аралығында Еуразия Ұлттық Университетінде 2-курстағы оқу практикамды өткіздім. Практиканың бірінші күнінен бастап жауапкершілікпен және уақытылы тапсырмаларды орындауға тырыстым. Бізде Оқу практикасы 3 апта бойы жүргізілді. Осы уақытта 11 зертханалық жұмыс жасап барлық тапсырмаларды уақытында орындадым. 1-ші аптада Танысу сабағы және 4 зертханалық жұмыс болды, оқу тәжірибесінің мақсатына сәйкес әрбір студентке келесі тапсырмалар берілді:
Google Drive-та жұмыс істеуге кіріспе: қалталарды жасау, файлдарды жүктеп салу және көшіру.
Еуразиялық математика институтымен, зертхана меңгерушілерімен және олардың ғылыми зерттеулерімен, жетістіктерімен танысу.
Зерттеу жұмысымен, зерттеудің өзектілігі, зерттеу объектісі мен пәні, зерттеудің мақсаты, міндеттері және әдістері сияқты ұғымдармен танысу.
Диссертацияларды ресімдеу ережелеріне сәйкес Word мәтіндік редакторында пайдаланылған дереккөздер тізімін және пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, күрделі формулалары бар математикалық мәтіндерді жазу.
PowerPoint бағдарламасында презентацияларды әзірлеу.
Бірінші аптада Google Drive, Microsoft Word, Power Point сияқты маңызды программаларымен тереңірек танысып, келесі жұмыстарды орындадық: әртүрлі күрделі формулалардан тұратын «Математикалық анализ 2» кітабының 1 бетін Microsoft Word программасына енгіздік; барлық талаптарға сай (дипломдық жұмыстың құрылымы, кіріспе бөлімінің негізгі ұғымдары, дереккөздерге сілтеме) 3 беттік бітіру жұмысын жаздық және димпломдық жұмысқа презентация жасадық.
Екінші аптаның оқу тәжірибесінің мақсаты бойынша Https://ru.overleaf.com/ арқылы Latex мәтіндік математикалық редакторындағы жұмысты оқу: кіріспе, күрделілігі әртүрлі математикалық формулалар жиынтығын құру, әдебиеттерді енгізу, сілтемелерді пайдалану, презентациялар, есептер құру, фигуралар мен суреттерді кірістіру.
Біз LATEX системасымен танысып, келесі жұмыстарды орындадық: 1 беттен тұратын барлық талаптарға сай математикалық формулалар бар документ құрастырдық; математикалық мәтін жаздық; әртүрлі формат және өлшемдегі суреттерді жүктедік және LATEX системасында презентация жасауды үйрендік.
Үшінші аптада Matlab жүйесінде жұмыс істеуді үйрену: негізгі мәліметтер, нақты, күрделі сандар мен массивтермен таныстыру, олармен есептеулер, графиктерді құру, алгебра мен анализдің типтік есептерін шешу. Оқу тәжірибесінің нәтижелері бойынша есеп беру құжаттамасын, презентацияларды дайындау және рәсімдеу керек болдық.
Matlab жүйесі жайлы негізгі мәліметтермен танысып, келесі жұмыстарды орындадық: комплекс сандар, массивтерді жүйеге енгіздік; массивтерге түрлі операцияларды қолдандық; әртүрлі функциялардың графиктерін құрастырдық; анализ және алгебраның есептерін қайталап, жаңа мәліметтерді меңгердік.
Сонымен, 09.06 күні оқу практикасында барлық атқарылған жұмысты презентация түрінде көрсетіп, Microsoft Teams платформасында онлайн конференцияда жұмысымызды қорғадық.


Баятанова Арайлым Маликқызы, қолы


Қабылдадым,
Джумабаева Айнур Амангелдыевна, қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет