Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозғалыс кинематикасы



бет2/12
Дата15.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#68137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
МЕХАНИКА ЛЕКЦИЯ

Күш момент
Дене айналу үшін оған түсірілетін күш оське байланысты момент тудыруы қажет.  күшінің моменті деп қозғалмайтын О (3.2-сур.) нүктесіне қатысты векторды айтамыз.
, (3.1)
мұндағы  - күштің түсірілу нүктесінің радиус-векторы.  векторы О нүктесі арқылы өтеді. Ол сурет жазықтығына перпендикуляр және бізге қарай бағытталған.


3.2-сурет. Күш моменті

Күш моментінің модулінің теңдеуі:
 (3.2)
Мұндағы  - күш иіні деп аталады (О нүктесінен күш сызығына жүргізілген перпендикуляр). Қозғалмайтын Z ось айналасында дене айналған кезде айналу моментін оған әсер етуші бір ғана күштің құраушысы тудырады (3.3-суруе), дәлірек айтқанда - нүкте траекториясына жүргізілген жанама. Демек,  күшінің моменті О коорданат басына байланысты мынаған тең:



3.3-сурет. Қозғалмайтын осі бойымен дененің айналуы

 (3.3)
 векторының бағыты суретте көрсетілген.
Оның модулі мынаған тең:
. (3.4)
 осі бойынша күш моменті (3.3-сур.)  векторының осы оське түсірілген проекциясы.

Ол осі бойынша бағытталған, нақты нүктесі жоқ, оның модулі мынаған тең:
 
мұндағы  –  айналу осінен  күш сызығына дейінгі қашықтық.

Қатты денеге сыртқы күш әсер еткенде дененiң массалар центрi массасы дененiң массасына тең материялық нүкте қандай үдеумен қозғалса, сондай үдеумен қозғалады.
Қатты дененiң инерция моментi деп дененiң жеке элементар массаларының, олардың радиус векторларының квадратына көбейтiндiсiнiң қосындыларына тең шаманы айтады. Өлшем бірлігі  .
 .
Инерция моментi дененiң тегіне және пiшiнiне тәуелдi скаляр шама.
Қатты дененiң импульс моментi – оның инерция моментiнiң бұрыштық жылдамдығына көбейтiндiсiне тең болады.
 .
 ,
мұндағы:  - бұрыштық үдеу.
Қатты дененiң айналмалы қозғалысының негiзгi теңдеуi келесі түрде жазылады:
 .
Денеге әсер ететiн сыртқы күш моментi дененiң инерция моментi мен бұрыштық үдеуiнiң көбейтiндiсiне тең болады.
Ілгерiлемелi қозғалыста масса қандай роль атқарса, айналмалы қозғалыста инерция моментi сондай роль атқарады.
Масса дененiң инерттiлiгi мен сандық мөлшерiн анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет