«Механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет59/61
Дата29.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111598
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
УМКД механика

V вариант
1-есеп. Материялық нүкте қисықтың бойымен тұрақты тангенциаль 0,5м/с2 үдеумен қозғалады. Қисықтың радиусы 3 м болатын учаскеде нүктенің жылдамдығы 2 м/с болса, нүктенің толық үдеуі қандай болады?
2-есеп. Автомат пистолеттен массасы 10 г оқ 300 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Пистолеттің затворының массасы 200 г, ал ол пистолеттің ұңғысына қайшылығы 25 Н/м серіппемен жалғасқан. Оқ атқан кезде пистолет мықты орныққан деп қарап, затвор қандай қашықтыққа кейін тебілетінін анықтаңдар.
3-есеп. Диек вертикаль өстен 30 айн/мин жылдамдықпен айналады. Айналу өсінен 20 см қашықтықта диек үстінде бір дене жатыр. Дене диегінің үстінен сырғанау үшін, үйкеліс коэффициенті қандай болу керек?

2 бақылау жұмысы


Тақырып: «Арнаулы салыстырмалылық теориясы. Тербеліс және толқын.»


І – вариант
1-есеп. Қозғалыстағы дененің ұзындығының қысқаруы 25  болса, жарықтың вакуумдағы жылдамдығымен салыстырғандағы жылдамдығы неге тең?
2-есеп. Тербеліс амплитудасы A=0,05 м. Тербеліс периодының алтыдан бір бөлігіне тең мезет үшін, толқын көзінен тең қашықтықтағы нүктенің ығысуы неге тең?
ІІ – вариант
1-есеп. Физикалық маятник массалары бірдей екі жүк ілінген өте жеңіл біліктен тұрады. Бірінші жүктің айналу өсінен қашықтығы 15 см, екінші жүктің қашықтығы 30 см. Маятниктің тербеліс периоды неге тең болады?
2-есеп: Адам құлағы жиіліктері 200020 Гц аралығында жататын дыбыстарды ести алады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығын 340 м/с деп алып, естілетін дыбыстың толқын ұзындықтарының аралығын анықтаңдар.


ІІІ – вариант
1-есеп. Бір түзудің бойымен бағытталған екі гармониялық тербелістердің периодтары бірдей (Т1=T2=8с), амплитудалары да бірдей (А1=A2=0.02 м) Бірінші тербелістің бастапқы фазасы Екі тербелістің фазаларының айырмасы . Қорытқы тербелістің қозғалыс теңдеуін табыңдар.
2-есеп. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с. Вертикал жарға перпендикуляр бағытта ұшып келе жатқан жарқанаттың жылдамдығы м/с, шығаратын әсіре дыбысының жиілігі 4,5*104 Гц. Жарқанатжиіліктері қандай екі дыбысты естиді.


ІV вариант
1-есеп: Массасы г дене максимал амплитудасы 7 см, бастапқы фазасы нөл, өшу коэффициенті1,6с-1 өшетін тербеліс жасайды. Сыртқы периодты күштің әсерінен мәжбүр тербеліс пайда болды. Мәжбүр тербеліс теңдеуі . Мәжбүрлеуші периодты күштің теңдеуі қандай?
2-есеп. Кестелерден болаттың беріктілік шегін тауып алып, ұзындығы 1м болат сымның шығара алатын максимал жиілігі неге тең екенін табыңдар?


V – вариант

1-есеп. Математикалық маятниктің өшетін тербеліс периодының амплитудасы бір минөтте екі есе азаяды. Үш минөтте қанша есе азаяды?


2-есеп. Дыбыстың интенсивтілігі 100 есе артты. Дыбыс қысымның амплитудасы неше есе артты?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет