Механикалық қозғалыс



бет4/7
Дата15.12.2023
өлшемі44 Kb.
#139398
1   2   3   4   5   6   7

II ТАРАУ

МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ ІЛГЕРМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ.


§5 Ньютонның бірінші заңы. Масса. Күш.
Динамика - механиканың негізгі бөлімі болып табылады. Оның негізін 1687 ж қаланған Ньютонның үш заңы құрайды. Ньютон заңдары механикада үлкен роль атқарады және адамзат тәжірибелерінің жалпыланған қорытындысы болып саналады. Оларды өзара байланысқан заңдар жүйесі ретінде қарастырады.
Ньютонның I –ші заңы бойынша сырттан басқа денелер әсер еткенге дейін материалдық нүкте тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін сақтайды. Дененің мұндай қасиетін инерттілік деп атайды.
Сондықтан, Ньютонның I –ші заңы инерция заңы деп те атайды.
Ньютонның I –ші заңы орындалатын санақ жүйесі – инерциалды санақ жүйесі деп аталады. Басқа инерциалды санақ жүйесіне қатысты бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты немесе тыныштық күйін сақтайтын жүйе –инерциалды санақ жүйесі болып табылады.
Тәжірибеде көрсетілгендей гелиоцентрлік (жұлдыздық) санақ жүйесі (координат басы Күн центрінде, ол осьтері белгілі бір бағытта жұлдызға қарай бағыттаған) инерциалды. Жермен байланысты санақ жүйесі инерциалды емес.
Бірдей өзара әсер еткенде, олардың қозғалыс жылдамдығы әртүрлі үдеуге ие болатыны белгілі. Үдеу әсер ету шамасына ғана емес, дененің басқа да бір қасиетіне тәелді болады.
Масса - дененің инерттілік және гравитациялық қасиеттерін анықтайтын физикалық шама. Бұл жерде инертті және гравитациялық массалар бір-біріне тең екендігін білген жөн (10-12 жуықтау). Масса – скаляр шама. Ньютонның I –ші заңында айтылған әсер етуді бейнелеу үшін күш ұғымы енгізіледі. Күш әсері кезінде дененің қозғалыс жылдамдығы өзгереді, үдеу пайда болады немесе дене деформацияланады. Сонымен, күш – денелердің өзара әсері кезінде үдеуге ие болуын немесе пішіні мен көлемін өзгертуін сипаттайтын векторлық шама.
§6 НЬЮТОННЫҢ ІІ-ЗАҢЫ.
Ньютонның II-ші заңы материалдық денеге күш әсер еткенде оның қозғалысы қалай өзгеретінің анықтайтын динамиканың негізгі заңы болып саналады. Егер денеге бірнеше күштер әсер етсе, дененің алатын үдеуі қорытқы күшке тура пропорционал болады:
a~F (m=const) (6.1)
Массасы әртүрлі денелерге бірдей күштер әсер етсе, онда олардың алатын үдеуі әртурлі болады, яғни
a~1/m (F=const) (6.2)

(6.1) мен (6.2) қолана отырып, мынаны аламыз:

(6.3)
Сөйтіп, Ньютонның II-ші заңы былай тұжырымдалады: дененің алған үдеуі әсер етуші күшіне тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді:

(6.4)
Материалдық дененің массасы классикалық механикада тұрақы шама болатындықтан, (6.4) өрнегін туынды түрде жазуға болады:


(6.5)
Материалдық дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторлық шама – импульс деп аталады:


P=mv (6.6)
(6.6) –ның (6.5) –ке қойсақ, мынаны аламыз:

(6.7)
Бұл өрнек Ньютонның II-ші заңының жалпы түрі: материалдық нүктенің импульсының өзгеру жылдамдығы оған әсер ететін қорытқы күшке тең. Осы (6.7) өрнегі –материалдық нүкте қотеңдеуі деп аталады.


Халықаралық жүйеде күш бірлігі Ньютон (Н) :


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет