Механикалық қозғалыс



бет6/7
Дата15.12.2023
өлшемі44 Kb.
#139398
1   2   3   4   5   6   7
§8 Үйкеліс күші.
Біз осы тарауда әртүрлі күштерді қарастырамыз: үйкеліс күші, серпімділік күші, ауырлық күші.
Егер кез-келген дене горизонталь бет бойынша қозғалса, оған басқа денелер тарапынан күш әсер етпесе, дене бірте-бірте қозғалсын тоқтатады.
Бұны үйкеліс күшінің бар болуымен түсіндіруге болады. Үйкеліс күшінің табиғаты әртүрлі дегенмен жанасатын, денелердің механикалық энергиясы әрқашан ішкі энергияға айналады.
Үйкеліс ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы үйкеліс – екі дене жанасқан бетте пайда болатын үйкелісті айтады. Егер беттесетін денелер бір-біріне қатысты қозғалмайтын болса, тыныштық үйкеліс туралы айтуға болады. Ал денелер бір-біріне қатысты орын ауыстырса, сырғанау, тербелу, айналу үйкелісі пайда болады.
Ішкі үйкеліс деп - денедегі бөлшектердің арасындағы үйкелісті айтады. Мысалы, газдардың немесе сұйықтардың арасындағы үйкеліс. Бұл үйкелістің сыртқы үйкелістен айырмашылығы тыныштық үйкелісінің болмауында.
Сыртқы үйкелістің заңдылықтарына тоқталайық.Егер дене бір-біріне қатысты сырғанаса және тұтқыр сұйықтықтың майлауыш қабатымен бөлінсе, онда үйкеліс осы қабатта пайда болады.

Жазықтықта жатқан денеге горизонталь бойынша F күш әсер етсін. Егер осы әсер етуші күш үйкеліс күшінен артық болса, дене қозғалысқа келеді. Француз физиктері Г.Амонтон (1663-1705) мен Ш.Кулон (1736-1806) тәжірибе негізінде мынадай заңды тұжырымдады: сырғанау үйкеліс күші бір дененің екінші денеге әсер ету күшінің N қалыпты қысымына тура пропорционал:


f- жанасатын беттердің қасиетіне тәуелді сырғанау үйкеліс коэффиценті.

Егер P ауырлық күшінің тангенциал құраушысы үйкеліс күшінен артық болса, көлбеу бұрышы болатын жазықтықта жатқан дене қозғалысқа келеді(12-сурет)

немесе осыдан

,

яғни үйкеліс коэффиценті бұрышының тангенсіне тең.


Тегіс беттердің молекулааралық тартылысына сүйене отырып, Б.В.Дерягин сырғанау үйкеліс заңын ұсынды.
мұндағы молекулааралық тартылыс күштеріне негізделген қосымша қысым.ол бөлшектер бір-бірінен алыстағанда кемиді.

S-денелердің өзара қатынас ауданы. сырғанау үйкелісінің нақты коэффиценті.


Үйкеліс табиғат пен техникада үлкен орын алады (көліктің қозғалысы, қабырғаға қаққан шегенің көпке шыдауы, т.б). Дегенмен кейбір жағдайда үйкеліс күші зиян әкелуі мүмкін, сол себепті оны азайтып отыру қажет. Ол үшін жанасатын беттерді майлайды (бұл жағдайда үйкеліс күші он есе азаяды). Осы жұқалап жағылған майлауыш (смазка)арқылы қатты денелер бір-бірімен жанаспай ,тек олардың жеке қабаттары беттесіп бір-біріне қатысты сырғанайды. Сонымен , қатты дененің сыртқы үйкелісі ішкі үйкеліске алмасады. Үйкеліс күшін кемітудің тағы бір әдісі- сырғанау үйкелісін теңселу (качения) үйкелісімен алмастыру . Теңселу үйкеліс күші Кулон заңымен анықталады:

(8.1)
яғни, теңселу үйкеліс күші дене радиуысына кері пропорционал.


Мұндағы t-теңселетін дененің радиусы, өлшемі болатын тербелу үйкеліс коэффиценті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет