Механикалық қозғалыс


Үдеу және оның құраушылары



бет3/4
Дата10.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#91628
1   2   3   4
1.4 Үдеу және оның құраушылары
Үдеу – материалдық нүкте жылдамдығының модуль және бағыт бойынша өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.
Орташа үдеу векторы берілген уақыт ішінде жылдамдық өзгерісінің уақытқа қатынасымен анықталады:
(1.8)
Лездік үдеу –уақыт бойынша жылдамдық векторының бірінші туындысына немесе радиус-векторының уақыт бойынша екінші туындысына тең векторлық шама:
(1.9)
Жоғарыдағы (1.5) теңдікті есепке ала отырып үдеу модулін анықтауға болады
(1.10)
Үдеу тұрақты кездегі ( ) қозғалыс бірқалыпты айнымалы деп аталады (бірқалыпты үдемелі, егер , және бірқалыпты кемімелі, егер ). Бірқалыпты айнымалы қозғалыс үшін жолдың және жылдамдықтың өрнектері мына түрде жазылады:
, (1.11)
. (1.12)
Бірқалыпты түзу сызықты үдемелі қозғалыс кезінде векторының бағыты векторының бағытымен сәйкес келеді, ал кемімелі қозғалыс кезінде оған қарама-қарсы болады.

Қисық сызықты қозғалыс кезінде (1.3-сур.) векторы, демек векторы, траекторияның ойыс жағына қарай бағытталған болады. Үдеу векторын екі құраушыға жіктейік (1.4-сур.): оның бірі векторымен бағыттас болып тангенциалды үдеу ( ) және оған перпендикуляр нормаль үдеу ( ) деп аталады.


1.3-сурет.Қисық сызықты қозғалыс


1.4-сурет.Үдеудің екі құраушысы

(1.13)
Тангенциал үдеу жылдамдықтың модулінің өзгеруін сипаттайды нормаль үдеу – жылдамдық векторының бағытының өзгеруін сипаттайды.

Радиусы шеңбер бойымен бірқалыпты айналу кезіндегі нормаль удеу модулі келесі формуламен анықталады:


(1.14)
нүктенің толық үдеуінің модулі мынаған тең:
(1.15)

Әр түрлі ілгерілемелі қозғалыс кезіндегі үдеу құраушыларының мәндері 1.1-кестеде келтірілген.


1.1-кесте

Қозғалыс

Тангенциалүдеу

Нормаль үдеу

Бірқалыпты түзу сызықты





Бірқалыпты айнымалы түзу сызықты





Бірқалыпты айналмалы





Бірқалыпты айнымалы қисық сызықты









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет