Механикалық толқындар. Жоғары жиілікті радиациялық толқындар, акустикалық толқындар. Толқындық құбылыстар. Жоғары жиілікті сәулелену әдістерін демонстрациялық эксперименттерде қолдану
Механикалық толқындар. Жоғары жиілікті радиациялық толқындар, акустикалық толқындар. Толқындық құбылыстар. Жоғары жиілікті сәулелену әдістерін демонстрациялық эксперименттерде қолдану.
Орындаған: Асыланова Д.З.
Тексерген: Аймаганбетова З.К.,доцент,PhD докторы
Жоспар:
Механикалық толқындар.
Жоғары жиілікті радиациялық толқындар, акустикалық толқындар.
Толқындық құбылыстар.
Жоғары жиілікті сәулелену әдістерін демонстрациялық эксперименттерде қолдану.
Механикалық толқын - бiрдей уақыт аралығында қайталанып отыратын механикалық тербелістердің қатты, сұйық, газ денелерде таралуы. Өзара әсерлесетін бөлшектерден құралған үзіліссіз ортада бөлшектердің бір жердегі тербелмелі қозғалыс көршілес бөлшектердің мәжбүрленген тербелмелі қозғалысын тудырады, ал олар өз кезегінде келесі бөлшектердің тербелісін қоздырады т.с.с. Радиация — иондану сәуле шығаруы;Радиация - жылулық сәуле шығаруы;Күн радиациясы — электромагнитты және корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi;Радиация — сәуле шығаруға синоним.
Радиация бірнеше топқа бөлінеді:
Электромагниттік радиация, мысалы, микротолқындар (тамақ жылытатын пеште болады), инфрақызыл сәулесі (лаборатория да көп қолданылатын инструментте болады), күн сәулесі, ултракүлгін сәулесі, рентген сәулесі және гамма радиация.
Бөлшекті радиация - бұған алфа радиация, бета радиация және нейтрон радиациясы жатады.
Гравитациялық радиация - гравитациялық толқындардан пайда болады.
Акустика (грекше akustіkos — естілетін, тыңдалатын) — физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011—1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.