Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы Оқу мақсаты



Дата26.12.2023
өлшемі4,91 Mb.
#144260
Байланысты:
f61510e72aca000

Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы судың бетінде екі көзде пайда болатын интерференцияны зерттеу

«Ой қозғау»

Сұрақтарға жауап беру:

1. Толқын дегеніміз не?

2. Толқын көзі болып не табылады?

3. Толқынның таралуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?

4. Толқын жылдамдығының формуласы

5. Толқын тербелісі 5222 Гц жиілікте 6 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығы қандай?

6. Сыныпта отырып біз қандай толқындарды қабылдаймыз?

7. Бойлық толқындар қандай ортада тарала алады?

8. Толқынның іргелес (көршілес) шоқтары арасындағы қашықтық 8 м құрайды, егер оның таралу жылдамдығы 4 м/с болса, осы толқындағы тербелістердің периоды мен жиілігі неге тең?

9. Қандай толқын көлденең деп аталады?

10. Толқын ұзындығы дегеніміз не?

Механикалық толқын деген не және ол өзімен бірге не тасымалдайды ?

Механикалық толқын механикалық тербелістердің серпімді үш ортада таралу процесі.

Серпімді орталар: газдар (ауа), сұйықтар (су), қатты денелер (шыны, болат, Жер қыртысы, т.б.)

Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, ол тек энергияны ғана тасымалдайды.

Механикалық толқынның түрлері

Көлденең толқындар – дене бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта болатын толқын түрі. Көлденең толқындар қатты денелерде және сұйықтың бетінде (мысалы, мұхиттар мен теңіздердегі толқындар) ғана таралады.

Механикалық толқынның түрлері

Қума немесе бойлық толқын – дене бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бағытнда болатын толқын түрі. (ол жиілеулер мен сиреулерден тұрады). Қума немесе бойлық толқын барлық серпімді үш ортада да таралады.

Интерференция

Интерференция – кеңістікте когерентті толқындардың қосылуы / қабаттасуы нәтижесінде қорытқы тербелістердің амплитудасының қайта таралуы.

Когерентті толқындар

Когерентті толқындар - жиіліктері бірдей, фазалар айырмасы тұрақты болатын толқындар.

Интерференция құбылысы болуы / байқалуы үшін қабаттасатын толқындар когерентті толқындар болуы тиіс.

Әр түрлі жиіліктегі толқындардың қабаттасуында интерференция болмайды.

Интерференция кезіндегі энергияның таралуы

Интерференция кезіндегі энергияның таралуы

Толқындар өзімен бірге энергия тасымалдайды.

Интерференциялық картинада / көріністе минимум нүктелерінің пайда болу себебі, бұл нүктелерге мүлдемге энергия келмегендігін көрсетеді.

Сабақты бекіту

1.Толқын деп нені түсінеміз?

2.Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

3.Қандай толқындар когерентті деп аталады?

4.Интерференциялық максимум және минимум шарттарын атаңыз?

5.Толқындардың қаситтерін атаңыз, мысалдар келтіріңіз



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет