3. Электр өрісінің кернеулік сызықтары Электр өрісі графиктік түрде әрбір нүктесінде Е кернеулік векторымен сәйкес келетін жанама сызықтары-кернеулік сызықтарымен
а) 25-сурет б)
көрсетіледі. Кернеулік электр өрісінің күштік сипаттамасы болып санала-
ды. Кернеулік сызықтары-тұйықталмаған қисықтар. Ол оң зарядтардан басталып, теріс зарядтарға аяқталады. Өрістің күш сызықтары қиылыспайды (25, а-сурет). Барлық нүктелеріндегі кернеулігінің шамасы мен бағыты бірдей болатын өріс біртекті өріс деп аталады. Біртекті өрістің күш сызықтары бір-бірінен бірдей қашықтықта жататын параллель түзулер (25, б-сурет).
Кернеулік сызықтарының жиілігі Е-нің сан мәніне тең болсын. Сонда белгілі бір бетті тесіп өтетін кернеулік сызықтарының жалпы санын сол беттен өтетін кернеулік ағыны немесе өрістің кернеулік ағыны деп атайды. Мысалы, біртекті электр өрісінде S жазық бетті тесіп өтетін кернеулік векторлар ағынын анықтайық (26-сурет). Электр өрісінің күш сызықтары S бетін перпендикуляр бағытта тесіп өтсін, сонда кернеулік сызықтардың S бетке көбейтіндісі-кернеулік векторының ағыны деп аталады, оны Ф әрпімен белгілейді: Егер де S¢ жазық бет өрістің кернеулік сызықтарына белгілі бір бұрышпен орналасса (26-сурет): Ф=EScosa.
n Кернеулік сызықтары
4. Электростатикалық өріс күштерінің жұмысы - Заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне ауысқан кезде электростатикалық өріс күштерінің жұмысы траекторияның формасына байланысты емес, тек бастапқы және соңғы нүктелердің орналасуымен және заряд шамасымен анықталады. . ... Заряд кез-келген тұйық жол бойымен қозғалған кездегі электростатикалық өріс күштерінің жұмысы нөлге тең.
5. Потенциал - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.) сипаттайтын ұғым. Әрбір векторлық шама а өзінің потенциалының градиентіне тең: а=gradj. Мұндай жағдайда векторлық өрісті потенциалдық деп атайды. Потенциал векторлық өрісті сипаттау үшін көмекші функция ретінде енгізіледі. Термодинамикада потенциал берілген жүйе күйін сипаттаушы макропараметрлерге байланысты функция ретінде қарастырылады. Потенциал арқылы термодинам. жүйенің барлық қасиетін анықтауға болады. Физикада потенциал ұғымының басқа мағынасы да бар. Мысалы, электр өрісінде ол бірлік зарядты электр өрісінің берілген бір нүктесінен шексіздікке тасуға кеткен жұмысына тең.