71. Физикалық маятник Физикалық маятник - қозғалмайтын горизонталь осьтің маңайында ауырлық күшінің әсерінен тербеліс жасайтын абсолюттік қатты дене.
72.Математикалықмаятник Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.
73.Серіппелімаятник Серіппелі маятник - серіппенің серпімділік күшінің әсерінен түзу сызықты тербеліс жасайтын дене; бекiткен серіппе, серпiмдiлiк коэффициентi k (қаттылықпен), мен массасы m жүгi болатын механикалық жүйе.
18.02.2021 14:21:19 Молекулалық физика және термодинамика 1.Статистикалық әдіс Статистикалық әдіс – бұл үлкен сандағы бөлшектік жүйелерді зерттеу немесе орташа (орташалау) және статистикалық заңдармен сипаттамалардың физикалық шамалармен барлық жүйеде мәндерін көрсету.
2. Термодинамикалық әдіс Термодинамикалық әдіс – зерттелетін дененің ішкі құрылымын, әр бөлшектің қозғалыс ерекшеліктерін ескермейтін, энергияның түрлі – түрлі өзгерістері кезінде, көп бөлшектерден тұратын жүйені бүтін күйіндегі жағдайын білдіретін шамалармен жұмыс жасайтын жүйелерді зерттеу әдісі.
3. Термодинамика Термодинамика - сыртқы ортамен, макроскопиялық денелермен, басқа денелермен өзінің арасында энергия ауысып және әсерлесіп, термодинамикалық жүйемен жұмыс жасайды.
4. Идеал газ Физикалық моделі мынадай:
1) Газ молекулаларының көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда аз болады.
2) Газ арасында молекулалары күштік әсер болмайды.
3) Газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысуы абсолютті серпімді болады.
Бұдан шығатын қорытынды:
Идеал газдарды көлемі көзге ілінбейтін және қашықтықта бір – бірімен
әрекеттеспейтін тәртіпсіз қозғалыстағы молекула – шариктердің жиынтығы деп қарастыруға болады.
Идеал газ әрекеттерін сипаттайтын заңдар: Бойль –Мариотт, Авогадро, Дальтон, Гей – Люссак заңдары.