15. Электрсыйымдылығы - Басқаөткізгіштерден, денелерден және зарядтан оқшау орналасқан өткізгіш үшін келесі өрнекті жазуға болады: q=Cj, осындағы C=q/j (9.25) шамасын оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы деп атайды. Электр сыйымдылық сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыруға қажетті зарядқа тең. Өткізгіштің сыйымдылығы оның пішіні мен өлшеміне тәуелді де, бірақ өткізгіштің тегіне, агрегаттық күйіне және оның ішкі қыртыстарының өлшемдеріне тәуелсіз. Өлшем бірлігі-фарада болады. (9.6) сәйкес, диэлектр өтімділігі e болатын біртекті ортада орналасқан радиусы R оқшауланған шардың потенциалы j=kq/eR. (9.26) формуланы пайдаланып, шардың сыйымдылығын аламыз C=4pe0eR (9.27)
16. Конденсаторлар және оларды қосу Oқшауланған өткізгіштердің сыйымдылығы аз болады. Практикада өткізгіштерді өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып шамасы едәуір зарядтарды жинақтайтын қондырғылар қажет болады. Осындай қондырғыларды конденсаторлар деп атайды. Зарядталған өткізгіш туғызатын өрістің әсерінен оған жақындатылған денеде индукцияланған немесе байланысқан зарядтар пайда болады. Зарядталған өткізгішке кез келген денені жақындатқанда өткізгіш потенциалы абсолют шамасы бойынша азаяды, сөйтіп өткізгіштің сыйымдылығы артады.
Конденсаторларды бір – біріне жақын орналасқан өткізгіштер түрінде жасайды. Конденсатор құрайтын өткізгіштерді оның астарлары деп атайды, олардың арасын диэлектрикпен толтырады.
Сондықтан да бір – біріне жақын орналасқан екі пластина, екі коаксиалды цилиндр және екі концентрлі сфера сияқты конденсаторлар түрі практикада жиі қолданылады.
Электр өрісі конденсатордың ішіне шоғырланғандықтан, электрлік ығысудың сызықтары бір астардан басталып екіншісінде аяқталады және астарларда пайда болатын еркін зарядтардың шамасы бірдей де, таңбалары қарама – қарсы болады.
17. Конденсатор сыйымдылығы дегеніміз конденсаторда жиналған q зарядтың оның астарларының арасындағы потенциалдар айырымына қатынасына тең физикалық шама.