Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Философия

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№ 1 тақырып 
Ойлау мәдениетінің пайда болуы және философияның пәні, қызметтері 
Жоспар: 
1.Ойлау мәдениеті. 
2.Көркемдік рефлексия 
3 Философия – даналыққа құштарлық 
4.Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері 
Мазмұны 
1.Дүниетаным туралы түсінік, оның құрылымы және адамдар, қоғам өміріндегі рөлі. 
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған 
болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдар- 
дың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, 
мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным 
қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалып -
тастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, 
қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Болашақтағы болмыс шынайылығының 
тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-
әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және 
жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады 
(философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, 
саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. 
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. 
Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағ 
дарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда 
ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтыла- 
ды. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және 
табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, 
адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Адамгершілік қағидалар мен 
өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетика- 
лық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрле 
ріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді. 
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық 
тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи 
айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды. 
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, 
адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, 
онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы 
болып табылады. Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса,он- 
да ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді,ол шын және жалған, 
ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін. 
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). 
Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған 
қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын 
сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. 
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процес 
тердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Барлық берілген 
ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм бере- 
ді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи 
құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады. 


Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық 
қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түр- 
де құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады. 
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми 
жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, 
шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде 
қалыптасады. Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсінді- 
руші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, 
сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық 
про цестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа 
ғылы- мның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені 
түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана 
білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарас 
тарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратыл 
ыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми 
деректер, қоғамдық және жаратылыс-та ну ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжір 
ибелер тол- ықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау 
стеротип тері өзгеруде. Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың 
дүниетанымы оның іс-әрекетіне байла- нысты сипатталады; ол оптимист немесе пессим- 
ист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. 
Білімалуыларды дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның сана- 
сында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, 
баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет — өзінің тәрбиесінде және дүние 
ге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдала- 
нуға бағытталған — іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарас- 
тыру қажет. 
Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау 
процесінде «Мен — бейнені» іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен 
салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясы 
на және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны 
іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни 
қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеу- 
меттік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін 
қамтамасыз етеді. 
«Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүн- 
иеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе 
эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі 
болып табылады.Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиын- 
тығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені 
жайлы мәселер- дің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді 
деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек 
және егер ол зиян- ды болса қалай жоюға болады? 
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау 
болып табылады (И.Ф.Харламов) 
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбыл- 
ыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүние 
таным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.Дүниета- 
нымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын сана -
сымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол 
және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім 
жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды. 
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарас 


тары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет