Международный гуманитарный технический


) Әлемнің ғылыми, философиялық, діни сипаты



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Философия

3) Әлемнің ғылыми, философиялық, діни сипаты
Бүгінгі рухaни құндылықтaрдың құлдырaп, қоғaмдaғы рөлінің төмендеп отырғaн 
шaғындa, жaстaрдың aдaмгершіліктік-рухaни және әлеуметтік келбетінің биік болуы – 
қaзіргі кезеңде ерекше өзекті, сондықтaн aдaмның рухaни жaн дүниесін молынaн 
дaмытaтын діни философия сaлaсындaғы оқулықтaр қaжет. Өте орынды aйтылғaндaй, 
aдaмның ойы мен іс-әрекеті жоғaрғы рухaни құндылықтaрғa негізделгенде ғaнa жaқсы 
нәтижелерге бaстaу aлaды Қaзіргі кезеңге дейін діннің, философияның рөлі жойылғaн 
жоқ. Өміріміздің әр сaлaсымен aсa тығыз бaйлaныстa болып тұр, қызықты дa, күрделі, 
aлуaн түрлі көзқaрaстaр мен сaн қилы бaғыттaр, тіпті бір дәуірдің ойшылдaрының діни 
философияғa, оның кaтегориялaры мен мәселелеріне көзқaрaсы әртүрлі болды: aдaм 
өмірінің мәні неде, әлем неден жaрaлғaн, әлемді құдaй жaрaтқaн бa, дүниенің құрылымы, 
әлем шектеулі ме әлде шексіз бе, жaқсылық пен жaмaндық, өмір мен өлім және т.б.? 
Діни философия тaрихындa ұлы тұлғaлaрдың, философтaрдың ой-көзқaрaстaры, пікірлері 
қaйтaлaнбaс дaнaлыққa толы aфоризмдері жинaқтaлғaн, олaр өмірлік құндылықтaрғa, 
мәнді, мaғынaлы ұстaнымдaрғa толы. Философияны оқытудың мәні aғaрту, білім және 
философиялық тaлғaм мен дүниеге көзқaрaсты мәдениетті түрде қaлыптaстырудың 
құрaлы ретінде жүреді. Бұл оқу құрaлындa діни философияның мән-мaзмұны ежелгі 
кезеңнен бaстaп, бүгінгі тaңғa дейінгі діни философияның тaрихи кезеңдері, негізгі 
өкілдері, өзекті мәселелері кеңінен қaмтылғaн. 
4.Философия даналыққа сүйіспеншілік ретінде. Философиялық дүниетанымның 
ерекшеліктері. 
Алғашында "философия" термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды. Бұл 
тұрғыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім және саясат қатарлылармен 
тығыз байланысты болды. Ньютонның "Табиғат философиясының математикалық 
қағидалары" (1687) кітабы ХХІғ-да физика кітабы ретінде жіктелсе, кезінде 
философиялық 
кітап 
ретінде 
танылып, 
мұндағы 
"табиғат философиясы
(кейде натурфилософия
термині 
сол 
замандағы астрономия, медицина және физика секілді пәндерді қамтыды. Академия 1-дің 
бірінші бөлімінде, Цицерон философияны логика, физика және этика сынды үш бөлімге 
бөліп, Эпикурдың өз ілімін канон, физика және этика қатарлыларға бөлуіне еліктеді. 
ІІІ ғ-да өмір сүрген биограф, тұңғыш философия тарихшысы Диоген Лаэртс "Ұлы 
философтардың өмірі мен идеялары" кітабының 13-ші бөлімінде Философиялық 
ізденістерді дәстүрлі түрде үш бөлікке бөлді:Табиғат философиясы (яғни физика, грек. ta 
physika, "табиғатқа қатысты") - физикалық әлемдегі трансформацияның құрылымы мен 
процессін зерттейтін ғылым;Морал философиясы (яғни этика, грек. êthika "мінезге, бейім, 
әдепке қатысты") - жақсылықты, дұрыс пен бұрысты, әділеттілік пен ізгілікті 
зерттейді;Метафизикалық философия (яғни логика, грек. logikós, "ақылға, сөйлеуге 


қатысты") - болмыс, себептілік, Тәңір, логика, формалар және басқа абстракт объектілерді, 
зерттейді. (мета та физика, 'физикадан' кейін) зерттейді. (грек. Meta ta physika - 
"Физиканың кейінінде") Философияны мұндай бөлу ескірген жоқ, тек өзгерді: 
Табиғат философиясы - әртүрлі жаратылыстану ғылымдарына, әсіресе физика, 
астрономия, химия, биология және космологияға бөлінді; Морал философиясы - 
әлеуметтік ғылымдарды туғызды, сондай-аө құндылықтар теориясын қамтыды (мысалы, 
этика, эстетика, саяси философия және тб.);Метафизикалық философия - логика, 
математика және ғылым философиясы секілді формалды ғылымдарға жол берді, әрі 
эпистемология, космология және тб.-ларды әлі де қамтиды. 
1. Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді 
тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге 
тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор 
қолданған. 
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген 
Платон. Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, 
практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам 
тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді. 
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік 
тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш 
етті. Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған 
философияның көмегімен көтерілуге болады. 
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, 
асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің 
шыңы, адам армандайтын рухани биіктік. 
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни 
жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер 
сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның
этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген 
өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық 
болмаса керек.2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып 
отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған 
ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным 
мәселелерімен тығыз байланысты. 
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, 
өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен 
қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын 
білдіреді. 
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана 
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. 
Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не 
ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды.
2. Философия пәні. Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей бастаған 
уақытта – ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің – жалпы теориясы 
және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.Философияны тек әлем ғана 
қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның 
назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, 
қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы 
тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным 
формасы «Әлем - Адам» күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан – 
жақты ашып көрсете алмайды. Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны 
туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, 


оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философияның пәні басқа ғылымдардан 
ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте терең теориялық білім. Оның құрамында 
онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты өте 
күрделі салалар бар. Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, 
саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет