дамудың негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар жатыр, өйткені
мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. формалары көрініс береді.
Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия
қоғамның дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы
қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының
жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық
прогресс ұғымы мен оның өлшемдері жатады.
Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. Тарихи процестің субъектісі
және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және
материалдық тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері,
құндылықтары және мақсаттары әр түрлі адамдар қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік
топтардың жиынтығы болып табылады. Осыған орай тарихи процесс күрделі және
ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге
әлеуметтік топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи
процесс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді. Әлеуметтік философия бүгінгі
күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және
индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы
қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі
арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде
көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай
кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді,
категорияларды іздейді және табады.
Достарыңызбен бөлісу: