2.2. № 8 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырып: Жобалау технологиясын кәсіби білім беруде пайдалану ерекшеліктері
Мақсаты: Жобалау оқыту технологиясының пайдалану ерекшеліктерін зерделеу.
Тапсырма:
1 Жобалау технологиясын кәсіптік білім беру жүйесінде пайдалану ерекшелігін талдау
2 Педагог пен оқушы арасында жобалап оқыту технологиясының өзара қарым-қатынасын зерделеу
Қысқаша теориялық мәліметтер
Жоба әдісі - білім алушы біртіндеп күрделенетін практикалық тапсырмалар-жобаларды жоспарлау, зерттеу және орындау барысында білім алатын оқыту жүйесі.
Жобалар әдісі - мәселені егжей-тегжейлі әзірлеу арқылы дидактикалық мақсатқа қол жеткізу тәсілі (технология), ол нақты, сол немесе басқа түрде ресімделген практикалық нәтижемен аяқталуы тиіс.
Жоба әдісінің негізгі идеясы - мәселені шешу барысында алынған нәтижеге бағытталу. Мәселені шешу нәтижесі енгізуге дайын өнім болып табылады.
Жобалау әдісі әрқашан оқушының өздігінен жұмыс істеу саласына бағытталған – оқушылардың белгілі уақыт аралығында орындайтын жеке-даралық, жұптық, топтық жұмыстар. Жобалау әдісі қандайда бір қиыншылықтың шешімін ұсынады. Жобалау әдісі педагогикалық технологиясына зерттеулік, ізденімпаздық, әдістердің қиыншылықтардың жиынтығын ұсынады.
|