Международный универстет астана


Дәріс сабағының қысқаша мазмұны



бет14/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit 2

Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:

1 Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары

Педагогикалық технологиялар сияқты сондай күрделі объекттердің сипаттамасы үшін олардың негізгі ортақ сапалары ерекше атап өту керек.



Тұжырымдамалық. Әрбір педагогикалық технология оқу максаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

Жүйелік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір әтапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс -тәсілдердің көп варианттылығы.



Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.

Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бүл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъек-тілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

Педагогикалық тәжірибеге заманауи оқыту технологияларын енгізу нәтижелерінің талдануы олар педагогикалық үдерісті жүйелі түрде құрастыру негізінде оны тиімді және басқаруға оңай болуын көрсетеді, оны оқытушылармен меңгерілуі олардың кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін арттырады.

Сонымен қатар, педагогикалық технологиялардың кейбір кемшілктері бар: технологияның ұдайы қайталану, оқушы және оқытушы тұлғасын жеткілікті бағаланбауы, көбінесе репродуктивті оқыту түріне бағытталуы.

Әлбетте, дәстүрлі педагогикалық үдерісті технологиялық түрге келтіру қиынға түседі, өйткені жоспарланбаған келеңсіздіктер, кей жағдайда кездейсоқтықтар маңызды рөл атқарады, мұғалімдер осы жағдайларға тез жауап беру және ситуациялық әрекеттерді түрлендіруге дайын болу керек.

Басқаша айтқанда, әрбір педагогикалық технология икемді болуы тиіс, пайда болған педагогикалық ситуацияларға жауап беру тәсілдерінің көптүрлілігін қарастырады.

Оқыту технологиясын пайдалануда мұғалімнің тұлғасына толық тәуелді емес педагогикалық үдерісті жасау күмән туғызады: оның іс-әрекет негізінде белгілі бір мақсат, қатынастар жатады, олар осы технологияны жүзеге асыратын мақсаттар мен принциптермен сәйкес келмеуі мүмкін, бұл технологияның мәнін жоғалтуына әкеледі.

Педагогикалық технология оқу үдерісінің моделін жобалауы тиіс - бұл кез келген технологияның негізі.

Онда оқу үдерісінің моделі параметрлік тапсырмасы түрінде болады.

1-ші параметр - мақсатты тұжырымдау ( оқу-тәрбие үдерісіне мақсат қойылуы және кіші мақсаттар жүйесі түрінде оның бағыттылығы).

2-ші параметр - диагностикалау ( мақсатқа жету немесе жетпеу фактілер туралы басқару ақпаратының болуы).

3-ші параметр - мөлшерлеу (диагностиканы жеткілікті өту үшін, оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ерекшеліктері, көлемі, сипаты туралы мазмұнды және сапалық ақпарат береді).

4-ші параметр - логикалық құрылым (оқытушының әдістемелік ойын оқу үдеріснің тұтас және логикалық-көрнекілік моделіне аударады). Осы параметрмен жұмыс жасау технологиялық және педагогикалық шеберліктің шыңы болып табылады. Бұл оқу үдерісі құрылымының тек суреті ғана емес, арнайы жасалатын жұмыс аймағы, бұнда барлығы технологиялық түрде болып белгілі амалдар бойынша оңтайланып жақсаруы мүмкін.

5-ші параметр - түзеу ( педагогикалық кемшіліктер туралы мәлімет береді, яғни диагностикадан өтпеген оқушы және түзеудің әдістемелік жолы туралы).

Педагогикалық технологияларда педагогикалық жүйелердің барлық параметрлерінің үйлесімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиісті. (егер бір параметр, мысалы мақсат өзгерсе, онда басқаларыда өзгереді - формалары, әдістері, құралдары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет