Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
3.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Оқытудың дамыту теориясы бастамасын И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және басқа педагогтердің еңбектерінен алады.
XX ғасырдың 30 жылдарының басында Л.С.Выготский дамудың алдында жүретін және негізгі мақсат ретінде баланың дамуына бағытталған оқыту идеясын алға қойды. Оның гипотезасына сәйкес, білімдер оқытудың соңғы мақсаты емес, олар тек оқушыны дамыту құралы болып табылады.
Бұл идеяларды алғаш жүзеге асыратын Л.В.Занков болатын. Ол 50-60 жылдарында бастауыш мектепке интенсивті жан-жақты дамыту жүйесін жасады. Бұл кезеңде белгілі бір жағдайларға байланысты тәжірибеге ендірілмеген болатын. Дамыта оқытудың басқа бағыттарын XX ғасырдың 60 жылдары Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдов жасады және ол эксперименталды мектептер жұмысында жүзеге асырылған болатын.
Олардың технологиясында басты назар баланың интелектуалды қабілеттерін дамытуға аударылды. «Дамыта оқыту» терминінің шығу тегі В.В.Давыдовтың есімімен байланысты. Шектеулі құбылыстар шеңберін белгілеуге ендірілген, ол тез арада жалпы педагогикалық тәжірибеге кірді. Бүгінгі таңда оның қолданылуы әр түрлі болып келеді, сондықтан қазіргі мағынасын түсіндіру үшін арнайы зерттеулер қажет. Дамыта оқыту түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісі орнына келетін жаңа, белсенді-әрекеттік оқыту әдіс ретінде түсіндіріледі. Даму әрдайым оқытудан бұрын жүреді.
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиыншылықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Тұлға-динамикалық түсінік: ол даму (прогрессивті немесе регрессивті) деп аталатын өмір бойы өзгертулерге ұшырайды. Даму (прогрессивті)-бұл жетілдіруді кез-келген қасиеттер мен параметрлерінде кішіден үлкенге, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға өтуін ұйғаратын индивидтің уақытта физикалық және психикалық өзгеру процесі.
Тұлғаны қалыптастыру термині төмендегідей қолданады:
1) «даму» синонимі, яғни тұлғаның ішкі өзгеру процесі;
2) «тәрбиелеу», «әлеуметтену» синонимі, яғни тұлға дамуы үшін сыртқы жағдайларды құру және жүзеге асыру.
Даму процесінің қасиеттері мен заңдылықтары. Тұлғаның дамуы барлық диалектикалық заңдарға сәйкес жүреді. Бұл процестің спецификалық қасиеттері (заңдылықтары) келесілер болып табылады:
Имманенттілік: дамуға қабілеттілік адамға табиғатпен берілген, бұл тұлғаның ажырамас қасиеті.
Биогенділік: тұлғаның психикалық дамуы көбінесе тектіліктің биологиялық механизмімен анықталады.
Социогенділік: адамның дамуы жүретін әлеуметтік орта тұлғаның дамуына әсер етеді.
Психогенділік: адам - өзін-өзі реттеуші және өзін-өзі басқарушы жүйе, даму процесі өзіндік реттеу мен өзіндік басқаруға ұшырайды.
Жекелік: тұлға сапаларды жеке таңдаумен және өзіндік даму нұсқасымен ерекшеленетін қайталанбас құбылыс болып табылады.
Кезеңділік: тұлғаның дамуы пайда болу, өсу, кульминация, жабырқау, құлдырау кезеңдерін төзе отырып, циклдылықтың жалпы заңдылықтарына бағынады.
Оқытудың дамыту технологиясы адамның ең маңызды сипаттамасы –интеллектке бағытталған. Дамыту технологиясы оқытудың дамыту теориясына негізделген. Оқытудың дамыту теориясы тұжырымдамасының мәні-оқушының дамуы мұғалім үшін де, оқушының өзі үшін де басты мәселе болатындай жағдайды қалыптастыру.
Дамыта оқыту - мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формалары тікелей баланың жан жақты дамуына бағытталған оқытуды ұйымдастыру амалы.
Дамыта оқыту біліктіліктер мен дағдыларды білумен қоса келесілерді қамтамасыз ету керек:
-Оқу пәндері бойынша білімдерді өз бетінше алу әдістерін меңгеру;
-Білім беру мазмұны мен процесіне эмоционалды-құндылықты қатынастықалыптастыру;
-Тұлғаның гуманисттік бағыттылығын қалыптастыру.
Қазір психолого-педагогикалық әдебиеттерде дамыта оқытудың мәнін көрсететін ерекшеліктер айқындалған.
Бірінші және негізгі ерекшелік бұл оқушылардың педагогикалық әсер ету объектісінен танымдық іс-әрекет субъектісіне айналатындығында. Ол қойылған мәселені шешу әдістерін өзі іздеп, өзі білімдер мен біліктерді алуға ұмтылатындай жағдайға тап болады. Ол дайын мәліметтерді игермейді, оларды тауып ашады.
Дамыта оқытудың екінші ерекшелігі бұл есті эксплуатациялау емес, ойлау механизмдерін қалыптастыруға негізделуінде болып табылады.
Үшінші ерекшелігі оқушы оқыту процесі барысында эмпирикалық және теориялық танымдардың бірлігінде игере отырып танымдық циклді толығымен басынан өткізеді. Оқушы педагогпен бірлесе отырып тапсырманы табады, оны орындау шарттарын іздестіреді,
Төртінші ерекшелігі бұл оқыту процесі танымның дедуктивті тәсілінің басымдығында, ойдың жалпыдан жекеге қозғалысында, жалпыламаларда құрылады. Негізін салушылардың бірі Л.В. Занков өзінің дамыта оқыту жүйесін негіздеуде Л.С. Выготскийдің қағидасына сүйенді: оқыту өзінен кейін дамытуды алып жүру керек. Ол өзінен кейінгі дамыту болатын оқытудың қандай болатынындығын көрсетті.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, дамытуды алып жүретін оқыту жүйесінің мынадай дидактикалық принциптері анықталған:
Бастапқы оқытуда теориялық білімдердің басым ролі принципі;
Қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі;
Жылдам темппен оқыту принципі;
Оқушылардың оқу процесін сезіну принципі;
Барлық оқушыларды, оның ішінде неғұрлым әлсіздерін жалпы дамыту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстар принципі.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |