Международный универстет астана


БӨЖ тапсырмалары



бет18/19
Дата06.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#15746
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
AIU PEDAGOGIKA

2




БӨЖ тапсырмалары







№ 10 сөж тапсырмасы Ростовтық ғалым-академик Евгения Васильевна Бондаревскаяның тұжырымдамасына талдау.(слайд жасау)

Әдістемелік нұсқау: С.Қ.Қожаева Қазіргі заман тәрбие контексіндегі тұжырымдамалар оқу құралы.Астана»Идеал-ИС2009»2016.



5




№ 11 Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні,әдістері, басшылықтың негізі. (конспект жасау)

5




№ 12 Жарыстың бағдарламасын құру.

5




№ 13 Отбасы тәрбиесін қалыптастырудың негіздері

« Менің отбасым» эссе дайындау.



5




№ 14 «Менің жетістігім» портфолио құру.

5




15 «ХХІ - ғасыр мектебі» (модель жасау )

Жоба қорғау.

5




Модуль 3 бойынша барлығы

6 лекция

12 семинар

30 Сөж

БАРЛЫҒЫ

15лекция

30 семинар

75 Сөж

БОСӨЖ 30


4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы

Оқу нәтижелерін бақылау түрлері

Аралық бақылау 1 коллоквиум

Аралық бақылау 2 бақылау тапсырмалары

Қорытынды бақылау ауызша емтихан


Курстың саясаты мен процедурасы

  • Білім алушыларға дәрістер бойынша қойылатын балл олардың сабақтан қалмауы, кешікпеуі және белсенділіктері үшін қойылады.

  • Семинар сабағында ауызша жауаптары, түрлі формадағы тапсырмаларды орындау сапасы мен мәселені түсінуі бағаланады.

  • БӨЖ тапсырмасы уақытында орындалуы мен сапасы арқылы бағаланып, білім алушының тақырыпты меңгеру деңгейі ескеріледі.

  • Ауызша емтихан – ауызша жауап беру түрінде емтихан, міндетте түрде оқу материалы тезистік формасына қағаз бетіне толтырылу керек. Жауап бекітілген критерияларының 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.

  • Студенттер емтиханда келесі негізгі құзыреттіліктерді көрсету керек:

  1. Теорияның негізгі бағыттарын және басты зерттеу проблемаларды түсіну;

  2. Теорияның концептуальды аппаратын қолдана білу;

  3. Курстың басты сұрақтары бойынша дәлелденген жауапты беру.



Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24





Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

Педагогикалық психология курсы бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінеді. Толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; жауабын нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

А- бағасы

Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушы өздігінен түзеткен, сұраққа байланысты 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.

В+ бағасы

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу байқалады. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде жіберген кейбір қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

В- бағасы

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өзі түзей алады.

С+ бағасы

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

С- бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

D бағасы

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

FX бағасы

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді.

F бағасы

Оқу материалдарын меңгермеген, сұрақтарды түсінбейді. Сондықтан жауап бере алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет