Международный универстет астана


Пән бағдарламасы (Syllabus)



бет4/19
Дата06.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#15746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Курс ________1

Семестр _______1

Кредит саны _____5

Лекция________15

Семинар _____30

Лабораториялық сабақ

ОБСӨЖ_________30

СӨЖ___75

Рубежный бакылау 1 ___7____апта

Рубежный бакылау 2 ___15____апта

Экзамен ____1______ семестр
Нұр-Сұлтан

2020ж
Пәннің оқу-әдістемелік кешені үлгілік оқу бағдарламалары ТИПО ИЯ 6В01705 – «Шет тілі: екі шет тілі», ИЯ 6В01703 – «Шет тілі: екі шет тілі», ИЯ 6В01705 – «Шет тілі: екі шет тілі», 6В01507 – «Иформатика», ТИПО 6В01511 – «Математика», ТИПО (ДОТ)6В01508 – «Химия», ТИПО (ДОТ) 6В01302- «ПИМНО» бастауыш оқытудың педагогикасы, ТИПО (ДОВ) 6В01202- мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

Мамандықтары үшін университеттің Әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген оқу бағдарламалары негізінде жасалған.


Құрастырушы_______________ педагогика ғылымының кандидаты ., доцент Қожаева С.К.

қолы


­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Педагогика ЖМ әдістемелік Кеңесінің отырысында қарастырылып мақұлданды

хаттама № 10 «09» 06.2020 ж.


ОӘК төрағасы _______ декан, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Ахмадиева Ж.К






Түсініктеме хат

“Педагогика” пәніне арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамы үш модульден тұрады: педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, тұтас педагогикалық процестегі тәрбие мен оқыту және мектептегі педагогикалық процесті басқару.

“Педагогика” оқу-әдістемелік кешенінің негізгі мақсаты – қазіргі кезеңнің талаптарына сай жеке тұлға, іс-әрекет, құндылық-бағдарлы тәрбие, біртұтас педагогикалық процесс және педагогикалық процесті басқару теориялары тұрғысынан студенттерге тәрбие, білім беру мен оқытуды жүзеге асыру. Педагогикалық процесті гуманизациялау, мұғалім мен оқушының үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастырып, құндылық-бағдарлы педагогикадағы тұлғаның жеке бас еркіндігі мен іс-әрекетіне мән беру, оқушының жеке басын құрметтеу, өзіндік ұстанымын жетілдіру негізіндегі оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру, бүгінгі күн талабынан туындаған мәселе.

Педагогика пәнінің міндеттері – студенттерді педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерімен қаруландырып, оларға кәсіби – мәдени практикалық дағдыларды игертумен бірге, оларды шығармашылық ізденіске бағыттау.

Оқу-әдістемелік кешенде 3 кредиттік оқу жүктемесінің тақырыптық-силабус жоспарлары, қысқаша лекциялар мен семинар сабақтарының жоспарлары, студенттердің өз білімін тексеру сұрақтары, өзіндік жұмыс тапсырмалары мен реферат тақырыптары, әдістемелік нұсқауы, студенттің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары, глоссарий, педагогиканы меңгеруде пайдаланылатын әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Дәріс сабақтары студенттерді педагогиканың негізгі ұғымдарымен және біртұтас педагогикалық процестің мәні, заңдылықтары, оны ұйымдастырудың технологиялық қырларымен таныстырады. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін семинар сабақтары студенттерге педагогикалық ұғымдарды, заңдылықтарды, оның әдіснамалық негіздері мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгертуді, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқыту процесінде оқу-танымдық ізденіске бағыттауды көздейді. Курста тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі тетіктерін студенттерге меңгерту, мұғалімнің біліктілігін жетілдіру, оқушының оқу-танымдық белсенді әрекетін арттыру, білім мен тәрбие сапасының тиімділігін көтеру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, педагогикалық процесті басқарудың оңтайлы жолдарын көрсету, студенттерді шығармашылық әрекетке тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет