Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлықнауқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек.
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз.
Егерде бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлықнауқастыңмедициналық картасына тіркеңіз.
Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады.
Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз.
Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілгентолтырылған құжатпенөлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егерде туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады.
Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.