«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау



бет114/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау


Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:
  • сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді,контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);


  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.




Іс-әрекет алгоритмі:

  • Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.


  • Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.


  • Науқастан сұраңыз:


  • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;


  • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;


  • тік тұруын немесе тік отыруын;


  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердейқақырықты контейнерге жинаңыз;


  • қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.


  • Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.




Ескерту:
  • егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;


  • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.





Атиптік жасушаларға қақырықты жинау


Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет