«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет116/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.


  • Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.


  • Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.


  • Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.


  • Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.


  • Науқасқа контейнерді беріңіз.


  • Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.


  • Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.


  • Контейнерді қақпағымен жабыңыз.


  • Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.


  • Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.


  • Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.


  • Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:
  • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;


  • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:


  • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина қызметкерінің бақылауымен жинастырады;


  • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;


  • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);


  • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;


  • қақырықты жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;


  • бір рет қолданылатын контейнерлер пайдаланылғаннан соң жоюға жатады


  • медициналық мекемелерде қақырық 7 күндей тоңазытқышта сақталады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет