«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау



бет121/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау


Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу
Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді,зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).


Іс-әрекеталгоритмі:

  • Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.


  • Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Науқасқа зәрдіжинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.


  • Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).


  • Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.


  • 100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.


  • Қақпақпен контейнерді жабыңыз.


  • Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.


  • Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.


  • Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:
  • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;


  • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет