«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет119/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.


  • Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.


  • Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.


  • Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.


  • Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.


  • Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.


  • Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.


  • Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.


  • Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.


  • Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен.


  • Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.


  • Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.


  • Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.




Ескерту:
  • жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;


  • бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;


  • егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет