«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет88/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Тері астына инъекцияны орындау


Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетініңжоғары бөлігі, санның алдыңғы бетініңортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.


  • Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).


  • Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).


  • Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.


  • Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.


  • Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).


  • Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз.


  • Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.


  • Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.


  • Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдыңсұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.


  • Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.


  • Тері антисептигімен суландырғанмақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.


  • Иненің канюлясынан ұстап отырып,жылдам қимылмен шығарыңыз.


  • Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.


  • Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


  • Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет