Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).
Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).
Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз.
Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.
Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.
Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдыңсұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.
Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
Тері антисептигімен суландырғанмақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Иненің канюлясынан ұстап отырып,жылдам қимылмен шығарыңыз.
Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.
Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.