Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.
Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.
Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.
Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.
Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.
Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.
Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.
Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен.
Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.
Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.
Ескерту:
жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;
бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;
егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.