«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет117/157
Дата13.03.2023
өлшемі351,98 Kb.
#73913
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157
ЖЕКЕ ТҮКІРГІШТІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ


Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.


Даярлаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз.

  2. Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беріңіз.

  3. Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін).

  4. Қақырықтытүкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беріңіз.

  5. Түкіргіштолған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз.

  6. Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз.

  7. Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.

  8. Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.


Жұтқыншақтан жағынды алу


Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет