Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.
Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.
Іс -әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Резеңке қолғапты киіңіз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт- ректификатпенбелгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісімен, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.
4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.
Пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ерітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.
Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егер де билирубин болса).
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Қолданған тамызғышты, пробирканы, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |