Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.
Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.
Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін науқасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.
Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігітуралы науқасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.
Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.
Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.
Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.