ХIV. Науқасты эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау
217
Науқасты бронхоскопияға даярлау
217
Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
218
Науқасты колоноскопияға даярлау
219
Науқасты ректороманоскопияға даярлау
221
Науқасты цистоскопияға даярлау
222
Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау
223
Науқасты бронхографияға дайындау
224
Науқасты асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау
225
Науқасты ирригоскопияға дайындау
226
Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
228
ХV. Сүңгілі манипуляциялар
230
Асқазанды жуу
230
Асқазанды сүңгісіз әдіспен жуу
232
Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу
233
Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
235
Құсқан науқасқа алғашқы көмек көрсету
238
ХVІ. Өкпе-жүрек реанимациясы
240
Өлікті жайғастыру ережелері
247
Пайдаланылған әдебиеттер
249
І. Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
Мақсаты: науқастармен немесе қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері:тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.
Дайындаңыз:бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз.
Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмасаосы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.
Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).