Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз:резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.
Жылытқыштыңмойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.