Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).
Дайындаңыз:50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.
Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз:ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).