«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет33/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
ІІ кезең – қызудың жоғары деңгейде сақталуының салыстырмалы тұрақты кезеңі. Жылу бөлу және жылы беру үрдістерінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, тері тамырларының жиырылуы төмендейді және бозандық гиперемиямен (қызарумен) алмасады. Науқастар бұл кезде әдетте жалпы әлсіздікке, бас ауруына, ыстықтауға, ауыз кебуіне шағымданады. Жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің қатерлі бұзылулары болуы мүмкін: тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия), тыныс жиілеуі (тахипноэ), кейде қан қысымының төмендеуі байқалады, сондықтан әрдайым сәйкес емдік дәрілерді тағайындау сұрақтарын шешу қажет. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жағынан айқын бұзылулар болуы мүмкін – бас ауруы, ұйқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау, ал кішкентай балаларда құрысып-тырысулар. Қызбасы бар науқастың ауыз қуысы күтімі мұқият жүргізілуі қажет, еріндері мен езулерінде пайда болған жарылуларды вазелин майымен немесе глицеринмен майлау. Қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп, көп сұйықтық ішкізу (сусындар, морстар, компоттар, минерал сулар) ұсынылады. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастарға дәріт ыдысы мен зәр қабылдағышты береді, ойылулардың алдын-алуды жүргізеді.
ІІІ кезең – қызудың төмендеу кезеңі, шеткі қан тамырлардың кеңеюі, тер бөлінудің көп артуы салдарынан жылу берідің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады. Ол әртүрлі өтеді. Дене қызуының біртіндеп, бірнеше күн ішінде, доғары мөлшерден (39-40С) қалыпты немесе сәл қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі медицина қызметкерлерінен батыл шараларды қолдануды қажет етеді: жүрек жиырылуының күшеюіне және қан қысымының көтерілуіне мүмкіндік тұғызатын, тыныс және тамыр қозғалысы орталықтарын қоздыратын дәрілік заттарды енгізу. Науқасты айналдыра жылытқыш салады, ыстық қою шай береді, төсек орын жапқыштары мен іш киімді уақытымен ауыстырады.


Тамыр соғуын тексерудің жалпы түсініктері
Қан қысымын өлшеу тәсілі
Тыныс алу жиілігін анықтау
Тыныс ырғағының, жиілігінің,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет