14. Дәрілік заттарды енгізу жолдары. Дәрілік заттарды енгізудің энтеральдық жолы бар болып табылады.
Энтеральдық жолмен қолдану кезінде сіңірілуі асқорыту жүйесі арқылы жүзеге асады. Әдістеріне келер болсақ: ауыз арқылы (пероральдық) , тіл астына (сублингвальдық) , тік ішек арқылы (ректальдық) түрлері бар.
Ауыз арқылы ұнтақ, таблетка, тамшы қабылдаған кезде асқорыту жүйесіне жергілікті және ағзаға жалпы әсер ететін болады. Ауыз арқылы әртүрлі дәрілік формаларды қабылдауға болады, оларды қабылдау өте қарапайым болып келеді. Арнайы залалсыздындыру мен кәсіби біліктілікті қажет етпейді, ауырсыну сезімін тудырмайды.
Пероральдық дәрілік заттарды қабылдау мейірбикенің қатысуымен жүргізіледі. Пеоральдық дірілік заттарды қабылдау кезінде дәрігер науқастың тамақтанар алдындағы және тамақтан кейінгі дәрілерді қабылдауын қадағалайды. Науқас ашқарынға арналған дәрілерді таңертең ұйқыдан тұрған соң қабылдайды. Ұйықтатын әсері бар дәрілік заттарды ұйықтардан 30 минут бұрын қабылдайды. Арнайы бөлу сызығы жоқ таблеткеларды бөлшектеуге болмайды. Дәрілердің дәрігердің тағайындауымен және дәрілік заттың нұсқаулығына сәйкес қабылдайды.
Сублингвальдық қабылдау барысында дәрі тіласты капиллярлары арқылы тез сіңеді және соған сәйкестез әсер етіп қанға түседі. Бұл әдіспен тез әсер ететін препараттар енгізіледі.
Ал, тік ішек яғни ректальдық арқылы дәрілік заттарды қоданғанда тік ішектің геморройдальды түйіндері арқлы сіңіп, резорбтивті, сондай-ақ тік ішектің шырышты қабаты арқылы сіңіп жергілікті әер етеді. Ректальдық жолмен сұйық заттар ( қайнатпалар, ерітінділер, майлар) сондай-ақ жене температурасына байланысты еритін дәрілік заттар суппозиториялар қолданады. Тік ішекке дәрілік затты енгізер алдында ішектерді тазалау қажет.
Егер де дәрілік затты тіл астына қолданатын болсақ, қажетті дәріні дайындаймыз, науқастан тіл астына қоюын сұраймыз, науқасқа дәрінің барлығы ерігенше жұтып қана қоймай тіл астына ұстауын түсіндіреміз.
15. Дәрілік заттарды сыртқы қолдану. Дәрілік заттарды сыртқа қолдану жолдары: тері жабыны, шырышты қабаттары және тыныс жолдары арқылы
Әдістеріне келетін болсақ:
Теріге май жағу, маймен сылау, жабыстырғышты қолдану, ұнтақтарды себу, ингаляциялар, дәрілік затты қынапқа енгізу; көз, құлақ, мұрынға тамшы тамызу; көз, мұрын тамшы шырышты қабаттарына тамшы тамызу; көз мұрын шырышты қабаттарына май жағу.
1. Теріге май жағу
Мақсаты: дәрілік заттың теріге жеткілікті емдік әсерін білу
Көрсетім: тері жабынының құрғақтығы мен тері аурулары
Бізге қажет құрал-жабдықтар: май, зарарсыздандырылған шыны таяқша немесе қалақша, терілік антисептик, зарарсыздандырылған қолғаптар, күтіп құралдары мен қолғаптарға арналған залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыстар керек.
Майды теріге қатты тітіркендіретіндей әсер етпейтін кейбір жағдайларда майды науқас өзі жағуына болады. Бұл ретте саусақтар жеңіл, айналмалы қозғалыста болуы қажет. Науқасұа майды жаққанша дейін және одан кейін қолды жуу қажеттілігі туралы ескерту керек.
Ең алдымен майдың атауын мұқият оқып, жарамдылық мерзімін анықтап, дәрігердің тағайындауымен, майдың атауын салыстырып, белсенді заттардың концентрациясын анықтау керек. Науқастың ақпарат алу құқын сақтау мақсатында науқасқа дәрілік препарат туралы қажетті ақпаратты беріп, емшараға ауызша келісімін алуымыз керек. Науқасты ыңғайлы орынға отырғызу керек. Зарарсыздандырғыш қолғапты киіп, шыны таяқшаға сықпадан қажетті май мөлшерін сығып алу, одан кейін теріге майды жұқалап жағу.
2. Жұмсартатын жабыстырғыштың қолданылуы
Мақсаты: терінің қабыршақтанған бөлігін жұмсарту және оны ауыртпастан алып тастау.
Құрал-жабдықтар: терілік антисептик, зарарсыздадырғыш қолғаптар, әйнек таяқша, күтіп құралдары мен қолғаптар үшін арналған залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыстар, сүйелге арналған жабыстырғыш, бекіткіш лейкопластырь, температурасы 40-42С су құйылған шылапшын, жеке сүлгі және қайшы қажет.
3. Ұнтақтың қолданылуы
Мақсаты: теріні мацерациядан, тітіркенуден және эпидермистің сыртқы қабатының зақымдануынан қорғау.
Құрал-жабдықтар: ұнтақ, терілік антисептик, тазартылған күтім құралдары үшін арналған залалсыздардырғыш ерітіндісі бар ыдыстар: ұнтаққа арналған науа, қысқыш, мақта түйіршіктері және дәкелік майлықтар.
Ұнтақ себілетін аймақты дәкелік майлықпен құрғатып, ұнтақ салынған ыдысты сілкімелі қозғалыспен жоғарыдан төмен аударып, тітегіс етіп зарарсызданған науа түбіне саламыз. Зарарсыздандырылан мақта түйіршігін алып емшараға дайындалған тері аймағын сүртеміз.
4. Көзге дәрілік тамшы тамызу
Мақсаты: коньюнктивиалдық қуыстың шырышты қабатына емдік әсер ету
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырғыш мақта түйіршіктері, көзге арналған зарарсыздандырылған тамызғыштар немесе ұшы сүйір пластамасса қамтамадағы көзге арналған тамшылар, терілік антисептик, қолғаптар қажет.
Көзге дәрілік затты тамызу барысында сол қолдың бас бармағымен науқастың төменгі қабағын төменге қарай тарту және екінші қолдағы тамызғышпен кірпіктерге тимей, көз алмасының мұрынға жақын төменгі қабатына екі тамшы тамызу
5. Көздің кілегей қабатына сықпадан май жағу
Құрал-жабдықтар: қосымша зарарсыздандырғыш мақталық түйіршіктер, май сықпасы, көзге арналған таяқшалар қажет.
Көздің кілегей қабатына сықпадан май жағу барысында науқастан басын сцл шалқайтып, жоғары қарауын сұрауымыз керек.
Май қабақтың сыртқы қосылатын жерінен шығатындай болуы үшін сықпаны көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай жүргізу арқылы сықпадан майды сығамыз.
6. Мұрынға тамшы тамызу
Мақсаты: мұрын қуысының шырышты қабатына емдік әсер ету.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырғыш мақта түйіршіктері, қан тамырларын тарылтатын мұрынға арналған тамшылар, зарарсыздандырғыш тамызғыштар немесе ұшы сүйір пластмасса қаптамадағы тамшылар, залалсыздандыруға арналған ыдыстар, терілік антисептик, қолғаптар.
7. Мұрынға май жағу
Мақсаты: мұрын қуысының шырышты қабатына емдік әсер ету
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған мақта білтелері, мұрын қуысына арналған май, залалсыздандыруға арналған ыдыстар, терілік антисептик, қолғаптар
8. Құлаққа тамшы тамызу
Мақсаты: сыртқы есту жолының шырышты қабатына емдік әсер ету.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған: әрбір құлаққа арналған тамызғыштары бар науа, құлаққа тамызуғға арналған тамшы түріндегі дәрілік зат, ыстық су құылған ыдыс, қолғаптар, залалсыздандыруға арналған ыдыстар, қолғаптар.