27. Науқасты асқазанды тексеруге дайындау және мақсаты. Негізгі мақсаты: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
-Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізу керек
-Науқасқа емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін аламыз
-Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
-Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
-Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
-Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
-Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
-Зондтың жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
-Залалсыздандырылған зондты пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
-Залалсыздандырылған зондты оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
-Науқастан аузын ашуын сұраймыз, суландырылған зондтың саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгіземіз.
-Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап, зондты өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер де -науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!).
-Науқасқа ескертіңіз, зондты тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
-Зондтың бос ұшына шприцті қосыңыз. -Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз
-Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз
-Асқазан сөлін бөлетін энтеральды байқау тағамын (парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг).енгізіңіз
-10инуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз -Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз
-Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз
-Салфетканың көмегімен асқазаннан зондты шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.
-Қолданылған зондты, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.