«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет13/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

Төсек – орын тыстарын ауыстыру

Төсекті қаптап тұратын ақжайманы үнемі ауыстырып отыру керек (кем дегенде 7 күнде бір рет). Пациенттің секрециясымен ластанған мата тез арада ауыстырылуы керек. Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады. Ол үшін бізге таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты дайындау керек. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктейміз.Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастау керк.Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып аламыз. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударып, осы қалыпта қалдырамыз. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаймыз (яғни төсек бойына).Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеу керек. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударамыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңп, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жаю керек.Таза ақжайманы жазып, ондағы қыртыстарды тегістейміз.Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайыру қажет. Науқастың басының астына жастықты қойып және оны көрпемен жабамыз. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсыру керек.



Тері күтімі

Пациенттің дұрыс жазылуы үшін оның терісін таза ұстау өте маңызды. Жалпы режимдегі науқастар, қарсы көрсетілімдер болмаса, ваннада немесе душта кем дегенде 7-10 күнде бір рет жуынады. Сонымен қатар, іш киімдер мен төсек жапқыштары ауру тарихына жазба енгізіліп ауыстырылады. Пациенттер күн сайын таңертең және кешке ұйықтар алдында беттерін жуу керек. Әр тамақтану алдында олар әрдайым қолдарын сабынмен жуады. Төсек режимінде жатқан науқастарға мейірбике науқастарға жуынуға көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет