Сау адамның рационалды тамақтану негіздері: Тәуліктік рационды, тамақтың жалпы мөлшерін сақтау (тамақтың жеткілікті энергетикалық құндылығы тәулігіне 2800-3000 ккал құрайды және адамның өмір сүру қалпына байланысты болады).
Ағзаның қалыпты қызмет жасауы үшін тамақты тәулігіне 4 рет қабылдаған пайдалы. Тәуліктік рацион келесі пропорцияларда құрастырылуы керек: таңертеңгі ас - тәуліктік рационның 25%, түскі ас -30%, түстен кейінгі ас (полдник) - 20%, кешкі ас - 25% құрауы қажет.
Ақуыз, майлар, көмірсулар (1:1:4), минералды заттар, дәрумендердің, судың түсуі балансталған болуы қажет және ағзаның энергия жұмсауына байланысты (жынысы, жасы, еңбек жағдайы) болып келеді.