«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Пациенттердің тамақтануын ұйымдастыру, диеталық үстелдер



бет20/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

5. Пациенттердің тамақтануын ұйымдастыру, диеталық үстелдер.

Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады. Азық арқылы адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, минералды тұз, су, дәрумендер жасуша мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу процесіне түсіп ыдырайды да ағзадан шығарылады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады.

Тамақтану арқылы 3 өмірлік функциялар жүзеге асады:

  1. Пластикалық - жасуша мен тіндердің дамуы және үздіксіз жаңаруы қамтамасыз етіледі.

  2. Энергетикалық - тыныш жағдайда және кез-келген жүктемелерде қажет болған энергиямен қамтамасыз етіледі.

  3. Реттеуші - фермент, гормон және басқа зат алмасу процестерін реттеушілердің түзілуіне қажетті заттар қамтамасыз етіледі.

Тағамдық заттардың құрамын, олардың тамақтану заттарындағы калориясын арнайы кестелер арқылы анықтауға болады. Ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін есепке алып тағамдық рацион калориясын есептеу қиын емес. Тағам құрамының калориялығы әр түрлі болуына қарамастан, тағам мөлшерін қабылдаған кезде асқазанды оптимальді толтырып, тойымдылық сезімін тудыру керек. Тойымдылық сезімінің созылу уақыты асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Көмірсу тағамы асқазанда ұзақ тұрмайды, екінші орында ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды.

Асқазан сөлінің бөлінуін күшейтетін күшті тітіркендіргіштерді (ащы дәмдегіштер, спиртті ішімдіктер) көп қабылдауға болмайды. Көкөністерді кеңінен қолдану ұсынылады, өйткені олар тағамның дәмдік қасиеттерін жақсартып, тәбетті қоздырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет