Екінші кезең: мейірбиелік диагностика
Мейірбикелік диагностика - пациенттің проблемасын анықтау. Мейірбикелік диагноз - бұл мейірбикелік тексеру нәтижесінде анықталған және мейірбикелік араласуды (күтімді) қажет ететін науқастың денсаулық жағдайы. Ол емделушінің бойында бар немесе потенциалды ауруға және өз көңіо-күйіне деген жауабын, сол жауаптың себебін суреттейтін мейірбикенің клиникалық пікірі. Басқаша айтқанды, мейірбикелік диагноз – емделушінің өмірлік маңызды физиологиялық және психологиялық қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық және синдромдық диагноз.
Мейірбикелік диагностика дегеніміз - пациенттің қазіргі кездегі (айқын) және болашақта пациенттің жағдайына байланысты туындауы мүмкін мәселелерді тағайындау. Мейірбике диагнозды ойлап таппайды, олардың тізімі арнайы анықтама әдебиетінде беріледі, бірақ мұндай әр диагнозды мейірбике шамасы келгенше нақты емделушімен бірге үйлестіруі керек.
Пациенттің басым проблемаларына байланысты мейірбикелік диагноздардың мысалдары:
миокард инфарктісінің даму қаупі
қысымның пайда болу қаупі
суицид қаупі
дегидратация қаупі
инсульт қаупі
Науқастың мәселелерін бағалағаннан кейін мейірбике бірінші кезекте шешілетін (приоритетные) басымдықтарды анықтайды. Осыдан кейін аралық (промежуточные) басымдықтар пайда болады - науқастың өмірі үшін қауіпті емес, бірақ ерте шешуді қажет ететін мәселелер. Екінші кезектегі басымдықтарды аурудан туындаған, бірақ онымен тікелей байланысты емес проблемалар ретінде қарастырады. Мысалы, пневмония кезінде бірінші кезектегі басымдық ентігу болады, аралық басымдылық - ауруханаға жатқызуға байланысты еркін қозғалуды шектеу, ал екінші кезектегі уақытша еңбекке жарамсыздық.
Медбикелік диагноздар пациенттің өмірінің барлық салаларын көрсетеді және соған байланысты бөлінеді
физиологиялық
психологиялық және рухани
әлеуметтік
Физиологиялық медбикелік проблемалар:
тыныс алу: ауыр, жөтел, тұншығу
қан айналымы: брадикардия, тахикардия, ырғақтың бұзылуы, қолдың ісінуі
ас қорыту: жүрек айну, құсу, күйдіргіш, диарея, іш қату, жұтылу бұзылған
тамақтану: ағзаның қажеттіліктерінің азаюы, жоғарылауы, айтарлықтай асып кетуі, тамақтанудың нашарлауы
гомеостаз (барлық түрлері): гипотермия, гипертермия, иммунитеттің төмендеуі, дегидратация
зәр шығару: ұстамау, зәрді ұстап қалу, зәр шығару ауырсынумен қатар жүреді
назар: төмендеді, ұлғайды, әлсіреді
есте сақтау: амнезия, гипомнезия, гипермнезия
гигиена қажеттіліктері: гигиеналық білімнің жетіспеушілігі, өзін-өзі күту дағдылары, медициналық көмектің болмауы
Психологиялық және рухани проблемалар:
қорқу, абыржу, тынышсыздану
медқызметкерлерге сенбеу
дәрілерді қабылдаудан бас тарту
өлімнен қорқу
туған-туыстарының алдында өзін кінәлі сезіну
Әлеуметтік медбикелік проблемалар:
әлеуметтік оңашалану
мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағдайын тынышсыздану
Дәрігерлік диагноз бен мейірбикелік диагноздығ айырмашылықтары. Дәрігерлік диагноз ағзадағы нақты ауруды, патологиялық процестің негізін айқындайды, түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы және олардың себебін, яғни патофизиологиялық және патологоанатомиялық өзгерістерін анықтайды. Сонымен қатар дәрігерлік диагноз өзгермейді. Ал мейірбикелік диагноз – ағзадағы терең патологиялық процесс емделушінің сыртқы жауапты реакциясын суреттейді. Ол негізгі адамдық қажеттіліктермен қамтамасыз етудің бұзылуын, және ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінікті қарастырады. Сонымен қатар мейірбикелік диагноз бірнеше рет өзгеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |