«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Үшінші кезең: мақсат қою және күтімді жоспарлау



бет4/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

Үшінші кезең: мақсат қою және күтімді жоспарлау

Үшінші кезеңде күтім қандай болуы керек екендігін медбике пациентпен бірге анықтайды. Осыған сүйене отырып, мейірбике мақсат қояды және науқастың мәселелерінің басымдығы бойынша жұмысты жоспарлайды. Мақсатты екі себеппен белгілеу қажет:



  1. жеке бикелік қатысудың бағытын көрсетумен

  2. қатысу нәтижесінің қай дәрежеде екенін анықтайды.

Мақсатқа қойылатын талаптар:

  • Мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болуы керек.

  • Әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белігелу қажет

  • Пациенттің проблемасы мен мейірбикелік құзыреттілік арасындағы сәйкестігі

  • Айқындық пен нақтылық

Мейірбикелік күтімнің мерзім бойынша мақсаттары:

  • қысқа мерзімді – бір аптадан кем уақытта қол жеткізілуі керек

  • ұзақ мерзімді - ұзақ уақытқа, науқастың ауруханадан шыққан уақытына дейін, ауру күнінен бастап белгілі бір күнге дейін немесе шыққаннан кейін үйде болу арқылы қол жеткізуге болады, ол апта немесе ай болуы мүмкін.

Мақсаттың 3 компоненті:

  • Іс-қимыл

  • Критерий: күні, уақыты, қашықтығы

  • Шарты: біреудің (кімнің,ненің) көмегімен

Мақсаттарды қойғаннан кейін мейірбике пациенттің жеке мейірбикелік жоспарын жасайды. Мейірбикелік жоспар - бұл мейірбикенің күтім жасау мақсаттарына жету үшін қандай қадамдар жасайтыны туралы жазылған жазбаша нұсқаулық.

  1. Мейірбике емделушіге ауруды жеңілдететін қолайлы жағдай жасайды.

  2. Мейірбике дәрігер емделушіге тағайындаған сырқатты бастаын дәрілерді әр сағат сайын қабылдауды қамтамасыз етеді.

  3. Мейірбике емделушіге босаңсу (релаксация) техникасын үйретеді.

  4. Мейірбике емделушіні сөзбен сендіреді, оның назарын басқаға аударады.

Күтім жоспарын құрастырғанда мейірбике бикелік қатысудың стандартына сәйкес басшылық етеді. Мейірбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін, сол іс-әрекеттермен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет