Балауыз тәрізді цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Балауыз тәрізді цилиндрлер канал аймағында гиалинді немесе дәнді цилиндрлердің ұзақ уақыт болу түзіледі.
Эритроцитарлы цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде
анықталуы патология). Қалыпты жағдайда қызыл қан жасушалары бүйрек каналшаларында анықталмауы тиіс. Бірақ, бүйрек тостағаншасының қан тамыр қабырғасының бұзылысы әсерінен бүйрек каналшасына өтуі мүмкін.
Бүйрек каналшасына өткен эритроциттер зәр арқылы шығады. Бірақ массивті түрдеэритроциттердің бүйрек каналшасына өтуі кезінде, оның кеңістігін эритроцитарлы цилиндр түзілу арқылы бітеп тастауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |