«Мейіргер ісі» кафедрасы 044/72- 18



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата20.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37097
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Метод. Паллиат-ая помощь и онк-гия 4 к. каз.

Ситуациялық есеп: 
Паллиативті бөлімшесіне 45 жастағы науқас Идрисова Н. түсті. Адамдардың барлығын 
өзіне қаратуға ұмтылды, жылады, өзінің жағдайын жарнамалады, содан кейін 
қызметкерлермен жанжалдасты. 
Сұрақ: 
А) жеке тұлғаның түрін анықтаңыз; 
Б) темпераменттің түрін анықтаңыз; 
 
10 сабақ 
 
5.1. Тақырыбы:Паллиативті көмек көрсету тактикасы. 
5.2. Сабақтың мақсаты:

Дербес пән ретінде паллиативтік медицина, оның философиясы мен құқықтық негіздері 
бойынша білім алу. 

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарда өмір сапасын төмендетуші синдромдарды 
анықтау үшін клиникалық тексеру минимумын және оларды жою принциптерін игеру. 

Медициналық этика принциптеріне және дәрігердің қоғамдағы ролі мен жауапкершілігі 
түсінігіне негізделген, қатерлі ісікке шалдыққан науқастармен тиімді қарым-қатынас 
дағдыларын қалыптастыру. 
5.3. Оқыту міндеттері: 

Паллиативтік медицина аспектілерінің заңдары және құқықтары. 

Паллиативтік көмектің халықаралық стандарты. 


«Мейіргер ісі» кафедрасы 
044/72- 18 ( ) 
31 беттің 27беті 
Әдістемелік нұсқаулық 

Онкологиялық науқастардың арнайы және жалпы клиникалық тексеру әдістері. 

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сапасын төмендететін синдромдардың 
клиникалық белгілері және олрады жою принциптері. 

Паллиативті көмек көрсетудің үлгісі. 
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 

Паллиативті көмек философиясы. 

Паллиативті науқастарға көмек және күтім көрсету. 

Паллиативті көмекке көрсеткіштер. 

Паллиативті көмек көрсету тәртібі, инновациялық тәсілдер. 
Бұл жазылмайтын ауру.Әдетте бұндай аурулардың өмірлік қажеттіліктері дәрілерге 
байланысты,бірақ ауырсынуды басу мақсатында белсенді бірақ бұл жағдайда белсенді 
өмір сүруге мүмкіндік жоқ. 
Инкурабельді пациент 
Адам ауруының шегіне жеткен кездегі адам. Қалай қатігез айтылса да,бірақ мұндай 
жағдайда науқастың тезірек және жеңіл дүниеден өткенін қалайсың. Өкінішке орай кейбір 
адамдар осындай өліммен ұшырасады. Әсіресе онкологиялық аурулар өршіп тұрған кезде 
қазіргі таңда әрбір төртінші үйде инкурабельді пациент бар. 
Медицина қызметкерлері жауап береді,бұндай адамдар тіпті біздің науқас емес себебі 
мұндай науқастарды медицина қызметкерлері емдей алмайды. 
Инкурабельді пациент паллиативті көмекті аса қажет етеді.Бұл көмек пациентке де және 
оның туысқандарына аурудың бүкіл сатысында медициналық,әлеуметтік,психологиялық 
көмек көрсететін негізгі көмек болып табылады.Бұндай терапиялардың барлығы үйде 
жүргізіледі.Көптеген қалаларда бірыңғай осындай науқастармен жұмыс жасайтын арнайы 
медицина қызметкерлерінің топтары құрылған.Олар сол пациенттердің үйлеріне аптасына 
бірнеше рет келіп жалпы жағдайын бақылап,ұсынымдар беріп,әңгімелесулер жүргізеді. 
Инкурабельді пациенттерге көрсетілетін паллиативті көмек-бұл ісікке қарсы ем көмек 
көрсетілмеген кезде ғана жүргізілетін көмек.Бұл көмек науқастардың қалған өмірін 
ұзартуға жағдай жасайды.Паллиативті көмекті көп жағдайда волонтерлар жүргізеді.Олар 
пациенттермен ауруханада жатқан кезінде-ақ әңгімелесулер жүргізіледі.Осының 
арқасында пациент ауруханадан шықпас бұрын отбасы мүшелері көптеген ақпараттар 
мен психологиялық қолдауға ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет