«Мейіргер ісі» кафедрасы 044/72- 18



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата20.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Метод. Паллиат-ая помощь и онк-гия 4 к. каз.

5.3. Оқыту міндеттері: 

Паллиативтік медицина аспектілерінің заңдары және құқықтары. 

Паллиативтік көмектің халықаралық стандарты. 

Онкологиялық науқастардың арнайы және жалпы клиникалық тексеру әдістері. 

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сапасын төмендететін синдромдардың 
клиникалық белгілері және олрады жою принциптері. 

Паллиативті көмек көрсетудің үлгісі. 
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 

Паллиативті көмек философиясы. 

Паллиативті науқастарға көмек және күтім көрсету. 

Паллиативті көмекке көрсеткіштер. 

Паллиативті көмек көрсету тәртібі, инновациялық тәсілдер. 
«Паллиативті» латын тілінен алынған «рallium» - «бет перде» немесе «жамылғы» деген 
мағынаны білдіреді. Паллиативті көмек - созылмалы және ұзақ ауырған науқастарға 
белсенді және жан-жақты көмек көрсету, яғни ауырсыну симптомын басу және 
психологиялық, әлеументтік, рухани мәселелерді шешуге қолдау . Паллиативті медицина - 
аурудың терминальды сатысында медициналық көмек көрсетудің ерекше түрі және өмір 
сапасын жақсарту болып табылады. Диагнозға қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. 
Паллиативтік көмек адамның денсаулығына құқығының бір бөлігі ретінде сөзсіз танылды. 
Ол жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қалауына ерекше назар аудара отырып, жеке адамға 
бағдарланған және кешенді медициналық көмек аясында жеткізілуі тиіс. 
Паллиативті көмектің үш түрі бар: 
Хоспис, оның негізгі мақсаты пациенттерге кешенді көмек.
Хоспис емделмейтін науқастың барлық мәселелерін шешеді, оның ішінде өмірінің соңғы 
күндерінде баспанамен қамтамасыз ету және ауырсынуды тоқтату. 
Хоспис қызметкерлері пациенттің барлық басқа қажеттіліктерін қамтамасыз етеді: 
физикалық, рухани, эмоционалды және әлеуметтік.
Хосписке дәрігердің жолдамасы арқылы жетуге болады. Мұның себептері - ауыр 
сатыдағы емделмейтін ауру, үйде тоқтатуға болмайтын ауру синдромы, отбасы мүшелерін 
тастап кетудің мүмкін еместігі және т.б.; 
• Терминал - науқастың өмірінің соңғы күндерінде кешенді паллиативтік көмек
• Демалыс күндері көмек науқастарға үнемі күтіммен айналысатын туыстары демалуы 
үшін бөлінген күндері беріледі. Мұны күндізгі стационарлар, хоспис бөлімшелері немесе 
науқастың үйіндегі аутричтік қызмет мамандары жасайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет