«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ


Жеке түкіргішті қолдану ережесі



бет106/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Жеке түкіргішті қолдану ережесі
Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.


Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз.
Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беріңіз.
Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін).
Қақырықты түкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беріңіз.
Түкіргіштолған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз.
Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз.
Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.
Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.


Жұтқыншақтан жағынды алу


Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.
Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.
Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.
Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.
Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.
Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.
Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.
Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.
Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.
Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен.
Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.
Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет