«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ



бет70/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143
Теріге майды сылап жағу
Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.
Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.
Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы қалып жасауына көмектесіңіз.
Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.
Тері бетіне дәрігер анықтаған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


Ескерту:
дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;
егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;
майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін науқасқа қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.


Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет